«Аналитикалық химия» «6В01541-Химия-Биология» мамандығы Тобы: еп-20-16к Емтихан сұрақтары125 І – деңгей (10 балл)


Аналитикалық химияда гетерогенді жүйелер ұғымы



бет5/47
Дата05.12.2023
өлшемі0,79 Mb.
#134420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Аналитика хим ЭКЗАМЕН 2023 ориг

Аналитикалық химияда гетерогенді жүйелер ұғымы

Қаныққан ерітінді мен тұнбадан тұратын жүйе гетерогендік (біртекті емес) жүйе деп аталады. Мұндай жүйелерде тепе-теңдік толығырақ қарастырылады.

2.4.1. Ерігіштік көбейтіндісі


Суда аз еритін күшті электролиттің қаныққан сулы ерітіндісінде қатты заттардың кристалдары мен (тұнба) ерітіндіде болатын оның иондары арасында тепе-теңдік орнайды. Мысалы, AgCl (тв.) ⇄ Ag++ Cl−


Бұл жағдайда, екі қарама-қарсы үдеріс болады. Күміс хлоридінің кристалдары құрылған күміс иондары мен хлорид иондары су дипольдарымен тұнбаның бетінен ажырап, ерітіндіге тұнбаның бетімен соқтығысып, онда қалатын, гидратталған иондар түрінде өтеді.


Келтірілген тепе-теңдікті көрсететін өрнек келесі түрге ие:


[Ag+][ Cl−]= 𝐾𝑠 (AgCl),


Мұндағы [Ag+]және[ Cl−] — қаныққан ерітіндідегі сәйкес иондардың тепе-тең концентрациялары, моль/л; KS(AgCl) — күміс хлоридінің ерігіштігінің көбейтіндісі.


Осылайша, ерігіштік көбейтіндісі - берілген температурадағы аз еритін күшті электролиттің оның қаныққан ерітіндісіндегі катиондары мен аниондарыныңмолярлық концентрациясының көбейтіндісі. Жақша ішіне қосылыс формуласын көрсетіп, оны KS таңбасымен белгілейді.





  1. Аналитикалық химияда гомогенді жүйелер ұғымы

Бір фазалы біртекті жүйеде орнатылатын тепе-теңдіктер гомогендік деп аталады. Бұл жүйелерге газдық қоспалар, бір сұйықтықтың екіншісінде толығымен немесе ішінара еритін қоспалар, сұйық кристалдар. Мұндай жүйелердің барлық нүктелерінде физикалық және химиялық қасиеттер бірдей. Реакциялар онда толық көлемде өтеді.
Гомогендік жүйені ерітінді деп атайды. Еріген зат немесе еріткіш кез келген ерітіндінің құрауыштары болып табылады. Ерітінді құрауыштарының қайсысы қандай да бір рөл атқаратынын шешу айтарлықтай қиын болады. Ерітінді екі араласатын сұйықтықтан түзілгенде, көп көлемде болатын суды еріткіш деп есептейді. Алайда, бұл электролиттердің еріткіштеріне қолданылмайды. Мысалы, күкірт қышқылы суда концентрациясына тәуелсіз еріген зат болып есептеледі. Қатты немесе газ түріндегі затты еріту арқылы ерітінді түзілгенде, агрегаттық күйі өзгермейтін және оны гомогендікті бұзбай кез келген мөлшерде ерітіндіге қосуға болатын затты әдетте еріткіш деп есептейді. «Еріткіш» және «еріген зат» ұғымдарын, олардағы құрауыштар қандай қатынаста болғанына тәуелсіз қатты ерітінділерге және газ қоспаларына қатысты қолданбайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет