Аналитикалық химияның пайдалану салалары
Аналитикалық химия химиялық талдауға негізделген. Ол өнеркәсіптің әртүрлі салаларында – химия, фармацевтика, мұнай өңдеу, тау-кен өндіру, металлургия, халық шаруашылығында және басқа да көптеген салаларда өнім сапасын бақылауға көмектеседі.
Арнайы реагенттер, оларға қойылатын талаптар
Мысалы сұйықтықтық экстракцияны — қоспа құрауыштарын бір сұйық фазадан (су ерітіндісі) арнайы реагенттен тұратын (экстрагент) екіншісіне (сумен араласпайтын органикалық еріткіш) ауыстыру.
Бұл ретте келесілерге қол жеткізіледі:
■ экстракциясы кезінде анықталатын затты концентрациялау (егер органикалық фазаның көлемі су ерітіндісінің көлемінен біраз мөлшерде аз болса);
■ бөлу нәтижесінде кедергі келтіретін құрауыштардың әсерін азайту;
■ жүзеге асырылмайтын немесе су ерітіндісінде қиындықпен жүретін осындай реакцияларды жүргізу мүмкіндігі.
Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесі және катиондардың аналитикалық топтарға бөлу
Катиондарды аналитикалық топтарға жіктеудің үш түрі белгілі:
Сульфидтік (күкірттісутектік), аммиакты-фосфатты және қышқылдық-негіздік талдау жүйелері.
Сапалық талдаудың классикалық сульфидтік жүйесінде сульфидтердің, хлоридтердің және карбонаттардың ерігіштіктері негізге алынған. Соған қарай барлық катиондар бес аналитикалық топқа бөлінеді. ( СӨЖ ). Сульфидтік талдау жүйесі универсалды жүйе, бірақ кейбір кемшіліктері бар: жұмыс барысында күкіртті сутектің колданылуы арнайы бөлме және ерекше жағдайларда жұмыс істеуді талап етеді, ойткені күкіртті сутек өте улы зат; катиондарды толық талдау үшін 25-30 сағат кетеді.
Катиондарды талдаудың аммиакты-фосфатты жүйесі фосфаттардың ерігіштігіне негізделген. Катиондар бес топқа жіктелінеді. Анықталатын катиондар санын сульфидтік жүйесімен ашылатын катиондар санымен салыстыратын болсақ, шамалары бірдей, бірақ анықтау әдісі күрделірек.
Достарыңызбен бөлісу: |