9.
3-ші аналитикалық топтың катиондарының жалпы сипаттамасы. 3
аналитикалық топтың катиондарына аналитикалық реакциялар.
Үшінші топқа сілтілік-жер металдарының катиондары Ва2+, Sr2+ и
Са2+ жатады. Бұл катиондар түссіз катиондар. Бұл катиондардың
галогенидтері, нитраттары және ацетаттары суда жақсы еритін тұздар.
Гидроксидтері күшті электролиттер, суда біршама ериді, ең жақсы еритіні
Ва(ОН)2. Суда ерігіштіктері мына қатарда төмендейді: Ва(ОН)2 > Sr(ОН)2
> Са(ОН)2.
Барийдің, стронцийдің, кальцийдің
сульфаттары суда нашар ериді, сондықтан
топтық реактиві ретінде күкірт қышқылы қолданылады. Ерігіштігі ең төмені барий
сульфаты, ерігіштігі жоғарысы – кальций сульфаты. Сондықтан үшінші топ
катиондарының қоспасына күкірт қышқылымен әсер еткенде барий сульфаты ВаSО4
тұнбаға бірден түседі, тіпті сұйытылған ертіндіден де, стронций сульфатның SrSО4
тұнбасы біраз уақыт өткен соң түседі, кальций сүльфатының СаSО4 тұнбасы тек
концентрлі ертінділерден түседі. СаSО4 тұнбасын тұнбаға түсіру ешқашанда толық
жүрмейді.
Кальций мен барий тұздары табиғатта кең тараған. Табиғи сулардың
құрамындағы судың кермектігіне жауапты.
Кальций жан-жануарлардың
организміндегі негізгі структуралық элементтердің бірі болып табылады.
Кальций сүйек құрамында болатын негізгі элемент, сонымен қатар тегіс
бұлшық еттердің жиырылуы үшін нерв импульстерін
беруге де қажет
элемент болып табылады. Кальций қанның ұю процесіне қатысады.
Кальций карбонаты қышқылдығы жоғарлаған топырақты ізбестеу
үшін қолданылады. Кальций мен барий көптеген фармацевтік
бұйымдардың құрамына кіреді. Кальций сульфатын (гипсті)
суйек
сынығына гипстік орама жасау үшін және тіс тазартатын ұнтақтар мен
пасталар дайындау үшін қолданады. Кальцийдің глюканаты мен
хлоридтерін аллергиядан емдеу үшін қолданады.
Барий сульфатын
асқазан мен ішектерді рентгендік тексеріс кезінде контраст зат ретінде
қолданады. ВаSО4 рентген сәулерін өткізбейді.
Ва2+катиондарының реакциялары
1. Жалынның боялуы. Барийдің ұшқыш тұздары түсіз жалынды
сары-жасыл түске бояйды.
2. Сұйытылған күкірт қышқылы Н2SО4
және суда жақсы еритін
сульфаттар өте сұйытылған ертінділерден де барий сульфатының
тұнбасын түсіреді:
Достарыңызбен бөлісу: