Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Химиялық талдау комегімен томендегідей мақсаттарды шешуге болады?
А. Заттың табиғатын анықтау
В. Заттың құрамын анықтау
С. Белгісіз қосылыстың химиялық формуласын анықтау
Д. Заттың құрылымын анықтау
+ Е. Барлық жауап дұрыс
2. Сандық анализ әдісі
A) химиялық анализдің жалпы проблемаларын шешу;
B) жаңа анализ әдістерін жетілдіру;
C) +заттардың сандық құрамын анықтайтын әдістер;
D) заттардың сапасын анықтайтын әдістер;
E)заттардың жалпы мөлшерін анықтайтын әдістер;
3. Химиялық реакция жүргенде физикалық қасиеттерін зерттейтін анализ әдісі:
A) химиялық;
B) физикалық;
C) сапалық;
D) +физика-химиялық;
E) мөлшерлік;
4. Химиялық анализ әдісіне жататын сандық анализ әдісі
A) +гравиметриялық
B) радиометриялық
C) оптикалық
D) электрохимиялық
E) хроматографиялық
1
№3 дәріс
Сапалық анализ әдістері. Сапалық талдаудың реакцияларына сипаттама.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Ортақ және жеке аналитикалық реакциялар. Кұрғақ және дымқыл талдау әдістері. Сапалық талдаудың химиялық және физикалық әдістері. Макро-, жартылаймикро- және микроәдістер.Аналитикалық химиялық реакциялар және олардың типтері. Сапалық реакцияларды орындау әдістері. Реакциялардың сезгіштігі және олардың өзіне тән белгілері. Реакциялардың сезгіштігін арттыру әдістері. Қосатұну, экстракция әдістері.
Аналитикалық химияда элементтерді немесе иондарды анықтауда көптеген реакциялардың ішінде тек өзіне тән аналитикалық өзгерістері болатын реакциялар қолданады. Реакцияның аналитикалық өзгерістеріне – газдың бөлінуі, нашар еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, анықталып отырған ерітіндінің түсінің өзгеруі, ерітіндінің әсерінен жалынның түстінің өзгеруі жатады. Айрықша қосылыс түзетін реакцияларды аналитикалық деп атайды. Химиялық өзгерістерге себеп болатын заттар – реактивтер немесе реагенттер деп аталады.
Аналитикалық реакциялардың негізгі сипаттамасы оның сезгіштігі мен даралығында. Белгілі заттың анықтау шегі немесе сезгішітігі деп – берілген реактив көмегімен анықталатын заттың (ионның) ең аз мөлшерін айтады. Осы көрсеткіш (шек) неғұрлым төмен болса, реакция соғұрлым сезімтал болады.
Сапалық талдауда қолданылатын анализдік реактивтер топтық, селективті (таңдамалы), спецификалық (ерекше) болып бөлінеді.
Сапалық аналитикалық реакцияларды, олардың орындалуына әдістеріне байланысты «құрғақ» және «дымқыл н/е ылғалды» деп екіге бөлуге болады. Ылғалды реакцияларды жүрзізу үшін реакцияға түсуші заттар міндетті түрде ерітілген болуы керек. Құрғақ реакциялар қатты заттармен жүргізіледі.
Зерттелетін ерітіндінің мөлшеріне, ерітіндінің көлемі мен арындалу әдістеріне қарай анализдік әдістер макро-, микро- және жартылай микро- әдістер болып жіктеледі.