Аналитикалық химия пәні, мақсаты және қолданатын әдістері. Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Аналитикалық химия пәніне кіріспе, мақсаты. -
Аналитикалық химияның қысқаша даму тарихы.
Қоршаған ортаның ластануының экологиялық-аналитикалық мониторингі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кіріспе. Аналитикалық химияның пәні, мақсаты және қолданатын әдістері. Сапалық және сандық талдау. Аналитикалық реакцияларды орындау әдістері. Аналитикалық реакцияларды жүргізу жағдайлары. Аналитикалық реакциялардын түрлері. Қайтымды және қайтымсыз аналитикалық реакциялар. Аналитикалық химияның даму тарихына шолу. Қоршаған ортаның ластану себептері, олардың анализі. Экологиялық-аналитикалық мониторингі.
Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым.
Аналитикалық химияның дамуын алты кезеңге бөлуге болады. Химияның дамуы бойынша мұндай бөлуді ХІХ ғасырдың танымал тарихшысы Герман Копп ұсынған болатын:
• Ертедегі ғылым;
• Алхимия дәуірі – сол кездегі химиктер қауымдастығының жәй металдардан асыл металдарды (алтын) алуға ұмтылуы (IV-XVI ғғ.);
• Натрохимия немесе медициналық химия – бұл кезеңде химия білімінің негізгі бағыты дәрі-дәрмек алу;
• Флогистон дәуірі «флогистон» - қолөнер шеберханаларының даму кезеңі ерекше «субстанция», яғни жану процесі механизмін анықтайды (XVII–XVIII ғасырларда от көптеген химиялық шеберханаларда қолданылатын: темір, фарфор, әйнек, бояу өндірістері сияқты химиялық кіші өнеркәсіптер);
• Ғылыми химияның даму кезеңі (XIX–XXғ.) – химиялық өндірісті дамыту мәселелерін шешу;
• Қазіргі кезең;
Экологиялық – аналитикалық мониторинг табиғи жүйедегі экологиялық қауіп-қатерді анықтаудың негізгі көзі. Осылайша, экологиялық – аналитикалық мониторинг экологиялық мониторингтің мемлекеттік жүйесінің қажетті компоненті болып табылады.
Экологиялық-аналитикалық мониторингтің мақсаты - төтенше жағдай-лардыңалдын алу, табиғи геобиоценоздың күйреуін және болған техно-логиялық авариялардың зиянды ықпалын төмендету. Экологиялық-анали-тикалық мониторинг бақылау және анализ жасау жүйесі ретінде келесі бөлімдерден тұрады:
• бақылау;
• ақпаратты анализдеу;
• түрлі болжамдар жасау;
• шешім қабылдау.
|