Тұнбаның ерігіштігіне рН-тың әсері. Ең басты факторларды қарастырайық.
І. Металдардың аз еритін гидроксидтерін тұнбаға түсіру:
Меn+ + ОНm- → Меm(ОН)n;
Тұнбаның құрамына ОН- кіреді. [OH-] [H+] –тің қатынасына байланысты [H+] [OH-] = Кн2о = 10-14. Теңдеуден байқайтынымыз, рН азайған сайын ОН- концентрациясы да азаяды. Толық тұнбаға түсу [OH-] –қа байланысты ма? Гидроксидтің ЕК артқан сайын, толық тұнбаға түсу үшін [OH-] көп болуы қажет, сондықтан рН-тың үлкен болуы шарт. Тұнбаға түсуге қажетті рН-ты есептеп шығаруға болады. Мысалы: Mg(OH)2 үшін [Mg2+][OH-]2 = ЕКMg(OH)2 = 1,8 ∙ 10-11 м/л.
Осыдан[OH-] = √ЕК Mg(OH)2/ [Mg2+] біз концентрациясы ≈ 10-6 М болған кезде тұнбаға толық түсті деп есептейміз, сонда [OH-] = √1,8·10-11 / [10-6 ] ≈ 4∙10-3 г-ион/л, сондықтан POH = -Ig 4 ∙ 10-3 = -(0,6 – 3) = 2,4
pH = 14 – 2,4 = 11,6
Сондықтан Mg2+, рН ≥ 11,6 болған жағдайда толық тұнбаға түседі. Сол сияқты Fe(OH)3 үшін рН ≥ 3,5 болуы қажет, сонда Mg2+ мен Fe3+ оңай айыруға болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Гравиметриялық талдау әдісіне түсінік.
Ерітінді құрамынан тұнбаны тұнба түрінде бөліп алу, тұнбаның түрлері.