Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Проблемалық оқытудың теориялық негіздері



бет41/48
Дата19.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#84403
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Проблемалық оқытудың теориялық негіздері. Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.
Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.
Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.


Проблемалық жаңдаятты шешу әдістері:

  • Зерттеушілік: индуктивті (жекеден жалпыға) және дедуктивті (жалпыдан жалқыға) зерттеулер


  • Жобалау.



Проблемалық жағдаятты шешу құралдары:

  • Эксперимент;


  • Ақпаратпен жұмыс;


  • Бақылау;

  • Модельдеу.



Оқушылардың жұмыс формалары:

  • әңгімелесу (эвристикалық, дикуссия, диспут және т.б.)


  • проблемалық дәріс;


  • экскурсия;


  • зерттеушілік сипаттағы зертханалық тәжірибені шешу;


  • топтағы теориялық жұмыс;


  • тарихи құжаттармен, мәтіндермен, мәліметтермен жұмыс.


Проблемалық оқытудың технологиялық сызбанұсқасы келесідей: оқытушы проблемалық жағдаят тудырып, оқушыларды оның шешімін табуға бағыттап,мәліметтерді іздестіруге, ұсынылған гипотезалардың дұрыстығын тексеруге және алынған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады.

Педагогтар мен оқушылардың қызметіне байланысты проблемалық оқыту әртүрлі деңгейлі болуы мүмкін (кестеде).


Деңгей

Мұғалімде сақталатын звено саны

Оқушыға берілетін звено саны


Мұғалімнің іс - әрекеті


Оқушының іс - әрекеті


0

3

0

Жағдаят туғызады, оны шешеді

Жағдаятты шешімін есте сақтайды


1

2

1

Жағдаят туғызады, оны жинақтайды

Жағдаятты шешеді


2

1

2

Жағдаят туғызады

Жағдаят туғызады, оны шешеді


3

0

3

Ұйымдастырады, бақылайды және жетекшілік етеді

Жағдаятты түсінеді, жинақтайды және шешеді





Проблемалық оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді үш тәсілі:

  1. проблемалық мазмұндама;


  2. ізденушілік (эвристикалық) әңгімелесу;


  3. оқушылардың өзіндік ізденушілік және зерттеушілік қызметтері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет