Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»



бет6/48
Дата19.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#84403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Аналитикалық химия

Негіздер мен қышқылдар теориясы
Ең алғашқы қоятын сұрақ қышқыл мен негіздің анықтамасы қандай? Химияда қышқыл мен негіз үш түрлі теория арқылы анықталынады: Аррениустың қышқыл мен негіз теориясы, Бренстед-Лоури теориясы және Льюис теориясы.
Аррениустың қышқыл мен негіз теориясы:
1884 жылы швед ғалымы С. Аррениус қосылыстардың екі классификациясын ұсынды: қышқыл мен негіз.
Аррениус қышқылы — сулы ерітіндідегі H+ /протонның концентрациясын арттыратын қосылыс.
Аррениус негізі — сулы ерітінде OH- концентрациясын арттыратын қосылыс.

HCl қышқылын сулы ерітіндіге (aq) салғанда қышқыл сутек катионы мен хлор анионына диссоциацияланады. Яғни қышқылды сулы ерітіндіге салсақ сутек иондарының санының артқаның байқаймыз. Берілген реакцияны келесі түрде де көрсетуге болады:

NaOH-дің қарастырсақ, сілті сулы ерітіндіде диссоциацияланып, натрий катионы мен гидроксид анионын құрайды. Нәтижесінде сілті ерітіндідегі OH- концентрациясын арттырады деп айта аламыз.

Алайда, Аррениус теориясының бірнеше шектеулері бар. Теория бойынша қосылыстың H+ немесе OH- иондарын босату үшін қосылыстың құрамында сол иондардың болуы қажет. Бірақ, әлсіз сілті аммонийдің (NH3) құрамында гидроксид ионы болмаса да сулы ерітіндіде OH- иондарын түзеді. Берілген мысалдан Аррениус теориясының барлық жағдайға қолданылмайтының байқай аламыз.
Бренстед-Лоури теориясы:
Теория қышқылдар мен негіздердің протонды қабылдау мен беруіне негізделген. 
Қышқылдар — протон берушілер
Негіздер — протон қабылдаушылар
Бренстед-Лоури қышқылы мен негізіне сәйкес қасиеттерді көрсететін қосылыстар амфотерлік деп аталады.
Сулы ерітіндідегі NaF тұзы OH- ионың судан протондар алу арқылы түзеді. Яғни, Бренстед-Лоури қышқылы диссоциацияланғанда сутек иондарының концентрациясы артады, ал Бренстед-Лоури негіздері OH- құрау үшін ерітіндіден (су) протон алу арқылы диссоциацияланады.
Толығымен диссоциацияланатын қышқылдар мен негіздер күшті қышқылдар мен негіздер деп аталады. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет