Анама Инайа Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!


Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама



бет2/3
Дата28.03.2023
өлшемі39,79 Kb.
#77040
1   2   3
Ойшыл ақын, ғибратты ғұлама
Жасынан шырқап шыққан жақсы атағы
Елінің әулиедей ақсақалы.
Қараңғы адамдардың зердесіне,
Тараған таң нұрындай ақ шапағы
Сөзінің ойы терең, оты күшті,
Уақытты озған орап оқымысты.
Ел оқып оның жазған ғибратын,
Жетілді сарайына тоқып ішкі
Ол салған жолға түсіп талаптанып,
Өмірлік сұрағына жауап тауып
Басына жастап жатып әліппесін,
Сан ұрпақ көзін ашты сауаттанып.
… Ажалға оны елі қия алмады,
Жүр деді Колымада қияндағы
Шығарған оның мұңлы әні айтылып,
Шертілді көңілдегі күй- арманы.
Теңізбен, жермен, шөппен байланысып,
Халқының тірлігіне айналысып,
Рухы Ахметтің ел үстінде,
Жүр деді арманындай айнала ұшып.
Осындай ол жайында аңыздар көп,
Ол айтты деген жыр мен уағыздар көп.
Қарыздар болмай кетті ол халқына,
Ал халқы қалды оған қарыздар боп.
Мәуленов Сырбай
Ахмет аға туралы толғаныстар
… Ахмет аға, санасының шамшырағы-
Сахаралық сәби сезім қазақтың
Сені тәңірі мойымастай
Батпанына халқым деген қасиетті \
азаптың
Мешеу елді құз құлаудан-
Тарихи өрге ауырсынбай көтерер,
Қабырғасы қайыспайтын,-
Қайсар төзім қара нар ғып жаратты!
Ахмет аға, рухани ұлы көсеміміз-
Халқымыздың өнегелі ардағы
Келешекті кеңнен болжар,
Көрегенді кемел ойдың саңлағы.
Ұлтты апаттан алып шығар арманның
Абзал жолды келді дұрыс таңдағың!..
Әбу Сәрсенбаев
Ағажан
… Өкінішім, Аха, сенің көре алмадым жүзіңді,
Білем, білем, келер ұрпақ алады аршып ізіңді.
Қапелімде тамағыма өксік келіп тіреліп,
Сағыныштың ыстық жасы жанарымнан үзілді.
…Жалғыз ауыз жақсы жырды саф алтынға балаған,
Сөзің балдай, өзің таудай жан екенсің, ағажан!
Қасіреттен түсті басым тауқыметті тағдырың,
Қасиетті өз орныңды алдың бүгін арадан…
Шаяхметов Ақылбек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет