«Анама сый» атты мектеп оқушылары арасында өткізілетін мектепшілік сайыстың ережесі ұйымдастырушы



Дата26.02.2023
өлшемі38,73 Kb.
#69995
Байланысты:
«Анама сый» атты бастауыш мектеп оқушыларына конкурс положениясы




«Анама сый» атты мектеп оқушылары арасында өткізілетін мектепшілік сайыстың
ЕРЕЖЕСІ


Ұйымдастырушы



  • Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Меруерт Еркігқызы

Сайыстың мақсаты



  • Балалар бойындағы шығармашылығын шыңдауға үлес қосу.



  • Халықаралық әйелдер күніне байланысты мерекені атап өту және қоғамымыздағы аналардың мәртебесін арттыру.


  • Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілетін арттыру және оларға қолдау білдіру.




ӨТЕТІН УАҚЫТЫ



  • Жұмыстарды қабылдау: 07 .03.2023 дейін жүргізіледі.

  • Қорытындысы: Жұмыстарыңыз қабылданғаннан соң 7 тәулік ішінде алатын боласыздар.



Сайысқа қатысушылар

  • Сурет салуға икемі бар, шығармашылық қабілеті жоғары деңгейдегі бастауыш 1-4 сынып оқушылары. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа (4 топқа) бөлінеді.

I. 1 сынып


II. 2 сынып
III. 3 сынып
IV. 4 сынып
Сайыстың ережесі
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Сурет, қолөнер, ән орындау, мәнерлеп оқу.

  • Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай «Анама сый» тақырыбында орындаған жұмыстарын және өзі жайлы толық ақпаратты meru25032000@gmail.com электрондық мекен-жайға немесе WhatsApp номеріне +7 778 613 33 24 жолдауы тиіс.



Қатысушыға қойылатын талаптар:



  • Оқушылардың өз туындысына аты-жөні ,сыныбы жазылып сканерден өткізілген нұсқасын, сондай ақ видеоролигін жоғарыда көрсетілген электронды мекен-жайға немесе WhatsApp номеріне жіберуі керек;

  • Салынған сурет немесе қолөнер тақырыпқа сәйкес сапалы әрі көркем болуы шарт;

  • Бояулардың немесе түрлі түсті бояу материалдарының анық көрінуі;



Марапаттау кезеңі
Шығармашылық жұмыстар байқау өлшемдеріне сәйкес 10 балдық жүйемен кәсіби әділ-қазылар бағалайды.Әділ-қазылардың шешімдері бойынша үздік жұмыстар I II және III дәрежелі дипломмен және қатысушылар, сондай ақ жетекшілері алғыс хатпен марапатталады.

  • Барлық жұмыстар мектептің ............. инстаграмм парақшасында жарияланатын болады. Like-time арқылы ең көп лүпіл мен пікір жинаған 3 қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болады.



САЙЫСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Қатысушыларды іріктеу 2023 жылдың 07 наурызына дейін жүргізіледі. Сайыс қорытындысы жұмыстарыңыз қабылданғаннан соң 7 тәулік ішінде электронды адреске жіберіледі;


Басқа да сұрақтар мен толық ақпаратты алу үшін:
8 (778) 613 33 24 Меруерт Еркінқызы

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні




Cыныбы




Жетекшісінің аты-жөні




Электронды мекен-жайы




Байланыс номері





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет