Анар Бекмырзақызы Салқынбай Қазақ тілінің тарихи грамматикасы оқу-әдістемелік кешен



бет6/21
Дата26.03.2023
өлшемі0,71 Mb.
#76196
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
истрграмматика-кешен-1

Фонетикалық сөзжасам. Дыбыстық сәйкестіктер нәтижесінде пайда болатын номинативті атаулардың тарихи қалыптасу жайы. Сөз мағынасындағы өзгерістер. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі нәтижесінде пайда болған сөзжасамдық қалыптар.
Семантикалық сөзжасам (конверсия) – тұлғалық өзгеріске ұшырамай-ақ, жаңа мағына иеленген туынды сөздер туралы. Функциональдық мағынаның даму жолдары. Конверсия және тарихи синкретизм. Семантикалық сөзжасамның нәтижесінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық дамуындағы ерекшеліктер. Транспозиция құбылысы туралы, түрлері мен мағыналық құрылымы.
Синтетикалық сөзжасам тәсілінің ерекшелігі. Сөзжасам жұрнақтарының мағыналық сипаты. Синтагматикалық және парадигматикалық қатыстылығы. Сөзжасам жұрнақтарының әуелгі лексикалық мағынасы мен грамматикалану тарихы. Сөзжасамдық мағына туғызудағы негіз бен жаңа сөз туғызушы жұрнақтың рөлі. Синтетикалық сөзжасамның сөздік құрамды дамытудағы рөлі, маңызы.
Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылуы, бірігуі, тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшелігі. Лексикалану процесі туралы. Аналитикалық тәсілдің тарихи көнелігі. Силлабофонемалардың бірігуі арқылы болған сөздер туралы ғылыми көзқарас. Сөздердің күрделенуі арқылы жасалған туынды сөздердің өзіндік ерекшелігі. Тұрақты тіркестердің, күрделі сөздердің номинативтік мағынасы. Олардың шығуының еркін тіркестермен байланысы. Еркін тіркес пен күрделі сөздің байланысы мен ерекшелігі туралы қазақ ғалымдарының ғылыми пікірлері. Аналитикалық сөзжасамның ерекшелігі. Термин жасаудағы мәні.
Тарихи морфологИЯ

Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты, мәні. Зерттеу тарихы. Сөз – лингвистикалық зерттеудің негізгі нысаны. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты, қазіқ тілінің грамматикалық құрылымы, дамуы. Тіл дамуындағы заңдылықтардың, сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.


Этимон түбір, түбір. Түркітанудағы зерттелуі. Олардың тұлғалық және мағыналық сипаты. Түркі түбірлерінің феномендік қасиеті.
Морфемалар. Қосымша морфемалардың пайда болу жолдары, мағыналық сипаты, грамматикалануы. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі морфемалар, олардың түрлері. Деривациялық және реляциялық мағыналар.
Түбірдің сипаты. Этимон түбірлердің бір буындығы. Силлабофонема теориясы туралы. Түбір синкретизмі туралы. Түбірлер дамуының кезеңі, ішкі флексия мәселесі.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі бір буынды түбірлердің мағыналық, тұлғалық сипаты, қазіргі қазақ тілінің деректерімен салыстырғандағы ерекшеліктері, бірлігі, дамуы. Көне мұралардағы негіздердің номинативтілігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлердің мағыналық дамуы. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Түбірлердің грамматикалық тұлғалары мен түрленуі. Грамматикалық категориялардың қалыптасу тарихы мен сипаты. Сөздердің грамматикалық таптарға топтастырылуы, ол туралы ғылыми ойлар. Есім мен етістіктің сөз табы ретінде жіктелу процесінің грамматикалық категориялардың шығуымен сабақтастығы. Сөз таптарының функциялық дамуы.
Еліктеуіш сөздердің ерекше табиғаты. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Зат есім. Зат есімнің дамуы, лексика-грамматикалық сипаты. Түбір және негіз есімдер. Дара және күрделі зат есімдер. Жалпы, жалқы есімдердің пайда болуындағы мотивацияның ролі. Ономастикалық атаулардың шығу тарихын зерттеудің тарихи-танымдық маңызы.
Зат есімнің грамматикалық категориялары. Септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғау. Олардың зерттелуі мен даму тарихы. Жалғаулардың тарихы туралы жаңа ғылыми көзқарастар. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Сын есім. Зерттелу тарихы. М.Қашқари сын есім туралы. Сын есімнің құрамы, қалыптасу жолы, дамуы. Шырай түрлері, шырай тралы ғыолыми пікірлер. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру.
Сан есім. Зерттелу тарихы. Сан есімнің дүние жүзі тілдеріндегі көрінісі, ортақтық сипаты туралы ғылыми ойлар. Жеке сан есімдердің қалыптасуы. Көне түркі тілдеріндегі санау жүйесі мен ерекшелігі. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Сандардың таңбалық сипаты туралы ғылыми ойлар.
Есімдік. Зерттелу тарихы. Қалыптасу, даму жолы. Есімдіктердің түрлері, генезисі. Көне түркі тілдеріндегі есімдік жүйесі мен ерекшелігі.
Етістіктің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы. Түбір етістіктің тұлғалық және мағыналық дамуы. Зат есім мен етістіктің генетикалық тектестігі. Көне түркі тілдеріндегі етістік жүйесі мен ерекшелігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлер мен негіздердің көрінісі, грамматикалық құрылымы. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Күрделі етістік. Тарихы, номинативтілігі. Салт және сабақты етістіктер. Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі.
Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары. Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі. Есімше және көсемше тарихы. Рай тұлғаларының тарихы. Шақ тұлғаларының тарихы. Етіс тұлғаларының тарихы. Етіс тұлғаларының грамматикалық және мағыналық құрылысы. М.Қашқари етіс туралы. Етістіктің қызметі.
Үстеу – негізгі белгілері, сипаты, ерекшелігі. Үстеудің сөз табы ретіндегі қалыптасу жолы. Үстеу – екіншілік атау. Негізгі үстеу мен туынды үстеу. Үстеудің арғы негізі туралы ғылыми пікірлер.
Еліктеуіш сөздердің семантикалық және грамматикалық сипаты. Еліктеу теориясы туралы ілім. Еліктеуіш сөздердің түрлері. Көне түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздердің сипаты мен ерекшелігі.
Көмекші сөздердің пайда болу, қалыптасу жолы. Десемантизация және грамматикалану процесстері. Зерттелуі, түрлері. Шылаудың пайда болу жолдары, грамматикалық мағынасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет