Қанат – таңдай түйінінің невралгиясы Мәлікова Бибифатима 5-003 стом


Сладер синдромының пайда болу себептері



бет3/4
Дата03.10.2024
өлшемі1,08 Mb.
#146712
1   2   3   4
Байланысты:
107600.pptx

Сладер синдромының пайда болу себептері

Науқас анамнезінде мұрын қуысының маңайында орналасқан қойнаулардың қабынуы жиі байқалады, бас сақинасына ұқсас сақина тәрізді ұстаманың болуы.

Сладер синдромы кезінде ауырсынудың таралуы

Сладер синдромы кезінде ауырсынудың таралуы

Қанат - таңдай түйіні невралгиясының синдромы оның V, VII, IX жұп жүйкелермен және парасимпатикалық, симпатикалық жүйке жүйесімен тығыз байланысқан. Осы байланыс нәтижесінде ауырсыну шүйде, мойын бөліктеріне таралуы мүмкін.

Сладер синдромына тән белгілер

  • Күйіп - жандырушы ұстама тәрізді ауырсынулар. Тек кейбір жағдайларда ауырсыну тұрақты болады. Ауырсынулар мұрын аймағында, көз алмасында және көзұяны қоршап жатқан тіндерде, жоғарғы жақсүйекте, жоғарғы шайнау тістерінде пайда болады.
  • Ауырсынулар жұмсақ таңдайға, тілге, самай сүйегіне, құлаққа, шүйдеге, кейде иық пен жауырынға берілуі мүмкін.

Сладер синдромына тән белгілер

  • .Ұстамалар көп уақытқа созылмайды. Бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін, шамамен 2 - 120 минут. Ауырсыну ұзақтығы сырқаттың пайда болу мерзіміне байланысты. Ұстама кезінде бас айналуы, тұншығу және лоқсу байқалады.
  • Науқасты қарау барысында: көз аймағындағы тіндердің ісінуі және қызаруы байқалады. Риноскопия арқылы мұрын қуысының артқы бөлімдерінің сілемейлі қабықтарында қызарулар анықталады.

Сладер синдромының диагностикасы

  • Диагнозды нақтамалау үшін науқастың шағымдарын толық жинап, ауырсынудың сипатын және орналасқан жерін анықтау қажет.
  • Диагнозды дәлелдеу тәсілдері:
    • Ұстама кезінде таңдай жолымен немесе туберальды, бетсүйек асты әдістермен қанат - таңдай түйінің жансыздандыру. Егер бұл Сладер синдромы болса, ауырсыну сезімдері басылады.
    • Ұстама кезінде мұрын қуысының артқы бөліміне аппликациялық жансыздардыру жүргізу. Анестетик ретінде 10% лидокаин спрейін қолдануға болады. Ауырсынудың басылуы диагнозды растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет