Анатомия – 120 ом



бет52/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   142
Қызметі: төменгі қабырғаларды томен тартып, кеуде қуысын тарылтып демалған кезде ауаны сыртқа қарай шығару қызметін атқарады.
8. Желкелік көлденең бұлшықет, т.transversus писһае. Бұл бұлшықет тұрақсыз, көпшілік жағдайда кездеспейді. Бұлшықет көлденең бағытта орналасып, шүйде сүйегінің сыртқы бұдырынан, protuberantia occipitalis extema, басталып, көлденең жэне латералды бағытта өтіп, самай сүйегінің еміздік тәрізді өсіндісі, processus mastoideus, мен төс-бұғана-емізік бұлшықетінің фасциялық қабықшасынабарып бекиді.
Қызметі: бастың, шүйде бөлігінің фасциялык қабықшасын жәнетерісін тартып, керуқызметін атқарады.
9. Бастың белдік тәрізді бұлшық еті, т.splenius capitis. Бұлшықет талшықтары: желке байламынан, іід.писһае, және VII мойын омыртқаның және жоғарғы 3-4 кеуде омыртқалардың аралық өсіндісінен басталады. Бұлшықет талшықтары өрлеме бағытта өтіп, жоғарғы желкелік сызықшаның, Iineae nuchae superior, бүйір қапталы мен еміздік тәрізді өсіндінің, processus mastoideus, артқы қапталына барып бекиді.
Қызметі: екі жақтық бөлігі бірдей жиырылса, бас пен мойын омыртқаларды шалқайтады, бір жаққа жиырылғанда: басты жиырылған жағына қарай бұрады.
10. Мойынныц белдік тәрізді бұлшықеті, m.splenus cervicis. Бұлшықет талшықтары 3-5 кеуде омыртқалардыц арқа өсіндісінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, 2-3 мойын омыртқалардыц келденең өсінділерініц артқы төмпешіктеріне барып бекиді.
Қызметі: бұл бұлінықеттіц екі жақтық бөлігі бір жиырылған кезде: мойын омыртқаларды артқа қарай шалқайтса, бір жақты жиырылған кезде: мойын омыртқаларды жиырылған жағына қарай бұрады.
Арқаның терец немесе аутохтонды (меншікті) бұлшықеттері, топографиялық орналасуына қарай медиалды және латералды тракт бұлшықеттер тобынан тұрады. Бұл бұлшықеттер тобы омыртқа бағанасының бүйір қапталында, омыртқалардың арқа әсіндісі мен көлденец өсіндісінің және қабырғалардың бұрыштарыныц аралығындағы сайларда орналасқан. Омыртқа бағанасына жақын орналасқан терең бұлшықеттер немесе медиалды тракт бұлшықеттер тобы, қысқалау келіп орналасса, беткей орналасқан немесе латералды тракт бұлшықеттер тобы ұзындау келіп, бойлай орналасқан
1. Омыртқа бағанасын тік ұстаушы бүлшықет, m.erector spinae, ол сегізкөз сүйегі мен бел омыртқалардыц арқа өсіндісінен және мықын сүйегініц қырқасынан, crista iliaca, және кеуде-белфасциялық қабықшасынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, бекитін сүйектерге байланысты үш топ бұлшықеттерге бөлінеді.
Мықын-қабырғалық бұлшықет, m.iliocostalis. Олжоғарыда айтылып өткен сүйектік нүктелерден басталып, өрлеме бағытта өтіп, тісшеленген бірнеше бұлшықеттік сіціршелерге тарамдалынып, барлық қабырғалардыц бұрыштары мен төменгі мойын омыртқалардыц көлденец өсіндісіне барып бекиді. Топографиялық орналасуына қарай бұл бұлшықет, одан әрі тағы да: мықын-қабырғалық бұлшықеттіц бел, кеуде және мойын бөліктеріне бөлінеді.

  • а)мықын-қабырғалық бұлшықеттіц бел бөлігі, m.iliocostalis lumborum, бұл бұлшықеттіцталшықтары, сегізкөз сүйегініцдорзальдық бетініц латералды қырқасынан, crista sacralis lateralis, және белдіц бел-кеуделік фасциялық табақшасынан басталып, жоғары және латералды бағытта өтіп, тісшеленген 8-9 бұлшықеттіц талшықтарыныц сіціршелері арқылы төменгі 8-9 қабырғалардыц бұрыпггарына барып бекиді.

  • ә) мықын-қабырғалық бұлшықеттіц кеуде бөлігі, m.iliocostalis thoracis, ол төменгі 5-6 қабырғаныц бұрыштарыныц мацынан басталып, жоғары және латералды бағытта өтіп, жіцішкеленген сіціршелері арқылы жоғарғы 5-6 қабырғалардыц бұрышына барып бекиді.

  • б) мықын-қабырғалық бұлшықеттіц мойын белігі, m.iliocostalis cervicis, ол жоғарғы 5-7 қабырғалардыц бұрыштарынан басталып, өрлеме бағытта жоғары және латералды бағытта өтіп, тісшеленген үш аяқшалары арқылы 4,5,6 — мойын омыртқалардыц көлденец өсіндісініц артқы төмпешігіне барып бекиді.

2. Аса ұзын бұлшықет, m. longissimus, мықын-қабырғалық бұлшықетгің ішкі қапталында сегізкөз сүйегі қапталында орналасып, сегізкөз сүйегі мен шүйде сүйегінің аралығына дейінгі аралықта бойлай орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: кеуде, мойын жэне бас бөліктеріне бөлінеді.

  • а) Аса ұзын бұлшықеттің кеуде белігі, m.longissimus thoracis, олсегізкөз сүйегінің дорзальді бетінен жэне бел омыртқасы мен төменгі 6-7 кеуде омыртқасының көлденең өсіндісінен басталады. Бұлшықетталшықтары өрлеме бағытта өтіп, төменгі 10 қабырғалардың бұрыштары мен бүкіл кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісіне барып бекиді.

  • б) Аса үзын бұлшықеттің бас бөлігі, m .longissim us capitis, ол жоғарғы торт кеуде омыртқа мен томенгі мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, орлеме бағытта өтіп, самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісінің артқы қапталына барып бекиді.

3. Арқа бұлшықеті, m.spinalis, ол омыртқа бағанасының, арқа өсіндісі мен көлденең өсіндісінін, аралығында бойлай орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: кеуде, мойын, бас бөліктеріне бөлінеді.

  • а) Арқа бұлшықетінің кеуде бөлігі, m.spinalis thoracis, олжоғарғы екі-үш беломыртқа мен төменгі екі-үш кеуде омыртқалардың арқа өсінділерінен басталып, жоғары қарай бағыт алып, 8-2 кеуде омыртқалардың арқа есінділеріне барып бекиді.

  • ә) Арқа бұлшықетінің мойын бөлігі, т. spinalis cervicis, ол жоғарғы екі кеуде омыртқа мен төменгі екі мойын омыртқаның арқа өсінділерінен басталып, өрлеме бағытта отіп, 4- 2 мойын омыртқалардың арқа өсінділеріне барып бекиді.

  • б) Арқа бұлшықеттерінің бас бөлігі, m.spinalis capitis, өте нашар дамыған. Бұлшықет кейбір жағдайда жартылай аралық бұлшықеттің бас бөлігінің, m.semispinalis capitis, құрамына кіріп, бір бұлшықетті құраса, кейбір жағдайда болмауы да, мүмкін. Бұл бұлшықет болған жағдайда, олжоғарғы кеуде омыртқалар ментөменгі мойын омыртқалардың арқа өсінділерінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, шүйде сүйегінің сыртқы бұдырының маңына барып бекиді.

Қызмет. Омыртқа бағанасын тік ұстап тұрушы бұлшықеттердің ішіндегі ең мықты бұлшықет болып саналады. Бұл бұлшықеттің екі жақтық болігі бірдей бір кезеңде жиырылса, арканы жазып тік ұстап тұру қызметін атқарады. Бір жақты жиырылған кезде, омыртқа бөлігі бар жақты қозғаса, басты жиырылған жағына қарай бұрса, төменгі кеуде бөлігі жиырылған кезде, қабырғаларды төмен түсіріп, демді сыртқа қарай шығару, қызметін атқарады.
Арқаның терең медиалды тракт бұлшықеттері
1. Көлденең-арқалық бұлшықет, m.transversospinalis, Бұл бұлшықет арқаны тік ұстап тұрушы бұлшықеттің, m.erectorspinae, астында, омыртқа бағанасының көлденең өсінділерінің аралығында бойлай орналасқан. Бұл бұлшықеттің талшықтары қысқалау келіп, қиғаш бағытта төменгі омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, асып барып, жоғарғы омыртқалардыңарқа өсінділеріне барып бекиді. Топографиялық орналасуына қарай бұл бұлшықет талшықтарының ұзынды-қысқалығына қарай және аттап барып бекитін омыртқалардың санына қарай үш бөлікке:

  • а) 5-6 омыртқаларды асып барып бекитін жартылай арқалық, m.semispinalis, бұлшықетіне.

  • ә) 2-4-омыртқаларды асып барып бекитін, гарамдалған бұлшықетіне, m.multifidi.

  • б) қысқалау келіп, сол омыртқадан бұлшықеттің арқа өсіндісіне бекитін айналдырғыш бұлшықетіне, m.rotatores, бөлінеді.

2. Жартылай арқалық бұлшықет, m.semispinalis, Топографиялық орналасуына қарай: кеуде, мойын, бас маңында орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді.

  • а) Жартылай арқалық бұлшықеттің кеуде бөлігі, m.semispinalis thoracis, ол төменгі 6-кеуде омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасып, 5-7-омыртқаларды асып барып бекиді.

  • ә) Жартылай арқалық бұлшық еттің мойын бөлігі, m.semispinalis cervicis, бұл бұлшықет жоғарғы кеуде омыртқалардың өсіндісі мен төменгі 6-мойын омыртқалардың арқа өсінділерінің аралығында 2-5-омыртқаларды асып барып бекиді.

  • б) Жартылай арқалық бұлшықеттің бас бөлігі, m.semispinalis capitis, ол жоғарғы 5 кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, төменгі 3-4-мойын омыртқалар мен шүйде сүйегінің желкелік сызықшаларына барып бекиді. Сонымен қатар, бұл бұлшықеттің медиалды және латералды бөлігі ажыратылады.

Қызметі: Бұлшықеттің барлық бөлігі жиырылған кезде басты шалқайтып, омыртқа бағанасын тік ұстау қызметін атқарады. Бұл бұлшықет біржақты жиырылған кезде басты жиырылған жағына қарай бұрады.
2.Тарамдалған бұлшықет, m.multifidi. Ол жартылай арқалық бұлшықет пен арқаның тым ұзын бұлшықеттерінің астында, омыртқалардың көлденең әсіндісі мен арқалық өсінділерінің аралығында, 2,3 кейде 4 омыртқаны асып барып, 2-мойын омыртқаға дейінгі аралықта орналасқан.
3. Айналдырма бұлшықеттері, mm.rotatores, Ол көлденең-арқалық бұлшықеттердің ішіндегі тереңде орналасқан бұлшықеттерге жатады. Топографиялық орналасуына қарай: айналма мойын, тт.rotatores cervicis, айналдырма кеуде, тт. Rotatores thoracis, айналдырма бел, тт. rotatores lumborum, бұлшықеттеріне бөлінеді. Бұл бұлшықетгердің бұлшықеттік талшықтары ауыз омыртқадан басқа бүкіл омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, бір омыртқаны асып барып, сол омыртқаның арқа өсінділеріне барып бекиді.
Қызметі: Көлденең-арқалық бұлшықеттердің екі жақтық бөліктері бірдей жиырылса, омыртқа бағанасын жазып, тік ұстау қызметін атқарса, біржақты жиырылған кезде, омыртқа бағанасын жиырылған жағына қарай айналдырады.
4. Арқа аралық бұлшықеттер, mm. interspinales, Бұл бұлшықеттің бұлшықетталшықтары қысқалау және жұп болып, көршілес омыртқалардың арқа өсінділерінің аралығында, омыртқа бағанасының бойында бойлай орналасқан. Бұлшықеттер топографиялық орналасуына қарай: арқа аралық мойын, m.interspinalis cervicis, кеуде, m.interspinalis thoracis, бел, m. Interspinalis lumborum, бұлшықеттерге бөлінеді.
Қызметі: омыртқа бағанасын жазып, тік ұстау қызметін атқарады.
5. Омыртқалардың көлденең өсінді аралық бұлшықеті, m.intertransversalis. Бұлбұлшықеттертобы омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: мойын омыртқалардың көлденең осінді аралық алдыңғы, артқы бұлшықеттеріне, mm.intertransversarii anteriores e t posteriors cervicis, кеуде омыртқалардың көлденең өсінді аралық бұлшықеттеріне, mm intertransversarii thoracis, және бел омыртқалардың көлденең өсінді аралық латералды, медиалды бұлшық-еттеріне, mm.intertransversarii lateralis et medialis lumborum, бөлінеді.
Қызметі: Екі жағы бірдей жиырылған кезде, омыртқа бағанасын тік ұстап тұру қызметін атқарса, бір жақты жиырылған кезде омыртқа бағанасы жиырылған жағына қарай ауытқытады.
6. Сонымен қатар, омыртқа бағанасының шүйде сүйегімен буындасқан бөлігінде қозғалмалы көлденең-арқа өсіндісі аралық бұлшықеттері, mm.transverso-spinalis, айрықша дамыған 4 жұп шүйде астылық бұлшықеттерден, т.suboccipitalis, тұрады.

  • а) Бастың үлкен артқы тік бұлшықеті, т.rectus capitisposteriormajor, ол2-мойын омыртқаның арқа өсіндісінен басталып, шүйде сүйегінің томенгі желкелік сызықшаның латералды қапталына барып бекиді.

  • ә) Бастың артқы тік кіші бұлшықеті, т.rectus capitis posterior minor, ол ауыз омыртқаның артқы төмпешігінен, tuberculum posterius, басталып, шүйде с үйегінің төменгі желкелік сызықшасының латералды қапталына барып бекиді.

  • б) Бастың қиғаш жоғарғы бұлшықеті, т. obliquus capitis superior, олауыз омыртқаның көлденеңөсіндісінен басталып, шүйде сүйегінің төменгі желкелік сызықшасына, linea писһае inferior, барып бекиді.

  • в) Бастың қиғаш төменгі бұлшықеті, m.obliquus capitis inferior, ол2-мойын омыртқаның аралық өсіндісінен басталып, қиғаш латералды бағытта өтіп, ауыз омыртқаның көлденең өсіндісіне барып бекиді.

Қызметі: бұл бұлшықеттердің негізгі қызметі басты ауыз омыртқамен бірлесіп, 2-мойын омыртқасының тіс тәрізді өсіндісінің бойында айналдыру қызметін атқарады.

60.Кеуде торының бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың топографиясы, қызметі.(76.45%)


Кеуде бұлшықеттері
Кеуде бұлшықеттері, mm. thoraces, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай: беткей немесе иық белдеу сүйегіне бекитін және меншікті немесе теренде орналасқан бұлшықеттеріне бөлінеді.
Кеуденің беткей бұлшықеттері
1. Үлкен кеуде бұлшықеті, т.pectoralis major, жұп бұлшықеттерден тұрады.
Кеуде торының ала,ыңғы қапталында жоғарырақ және беткей орналасқан. Бұл бұлшықеттің жоғарғы жиегі дельтатәрізді бұлшықетпен беттесіп, дельта-кеуде бұлшықетінің жүлгесін, sulcus deltopectoralis, құраса, бұғана сүйегімен шектескен жиегінде бұғанаастылық ойысы, fossa infraclavicularis, мен төменгі жиегі сырттай қарағанда айқын байқалады.

  • а) Үлкен кеуде бұлшықетінің бұғаналық бөлігі, pars clavicularis, бұғана сүйегінің төстік сүйегініңтөстік шетінен,

  • ә) Төс бөлігі, pars sternalis, төс сүйегінің алдыңғы бетінен және 2-7 қабырғалардың шеміршектікдоғаларынан басталады.

  • б) Құрсақтық бөлігі, pars abdominalis, құрсақтыңтік бұлшықетінің қынабынан басталып, қолтық шұңқырының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысып, одан әрі бұлшықеттіңталшықтары жинақталынып, жоғарғы латералды бағытта өтіп, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасына, crista tuberculimajoris, барып бекиді.

Қызметі: иықты (жауырын мен тоқпан жілікті) медиалды қапталына қарайтартып, ішке қарай бұрады. Қолды тіреп ұстаған жағдайда, бұл бұлшықеттің кеуде-қабырғалық бөлігінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.
2. Кіші кеуделік бұлшықеті, m. Pectoralis minor, Ол үлкен кеуделік бұлшықеттің астында орналасқан. Сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді және жұқалау болып орналасқан. Бұл бұлшықет 2-5-қабырғалардың шеміршектік бөлігі мен сүйектік бөлігінің бір-бірімен қосылған жерінен басталып, жоғарғы латеральды бағытта өтіп, жауырынның құстұмсық өсіндісіне, processus coracoideus, барып бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет