Анатомия – 120 ом



бет21/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   142
17.Шүйде сүйегі, құрылысы.
Шүйде сүйегі — os occipitale, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан.Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген тақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғасты руш ы ш үйделік үлкен тесік foram en magnum, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcus sinus simgoideus, орналасқан. Шүйде сүйегі эмбриондық дамуына байланысты төрт бөліктері: pars basilaris, бүйір қапталында жүп бүйір бөліктері —partes laterals, артында орналасқан қабыршақтық бөлігі —pars squama, ажыратылады.
1. Шүйде сүйегінің денесі немесе базилярлық бөлігі, pars basilaris, қалыңдау, қысқалау және төрт бұрыш тәрізді болып келген. Денесінің бірнеше беттері ажыратылады:
а) Алдыңғы беті бұдырлау келген, ол 17-18 жасқа дейін сына сүйектің денесі мен шеміршектік ткандар арқылы, synchondrosis sphenooccipitalis, одан әрі сүйектік ткандар арқылы байланысқан.
ә) Артқы беті тегістеу және доға тәрізді иіліп,шүйде сүйегінің үлкен тесігінің, foramen magnum, алдыңғы қабырғасын құрауға катысады.
б) Жоғарғы немесе ми сауытына қараған беті, сына сүйектің бетімен бірлесіп, шүйде сүйегінің үлкен тесігіне қарай төмен бағытта өтіп, ылдиын — clivus, құрайды.
в) Төменгі беті ми сауытының сыртында орналасқан, мұнда жүтқыншақтық төмпешік — tuberculumрһагупдеит, орналасқан.
г) бүйір бөлігінің ми сауытына қараған бетінде, самай сүйектің тастақ бөлігінің төменгі қойнауының жүлгесі — sulcus sinus petrosi inferioris, орналасқан.
2. Шүйде сүйектің бүйір бөліктері — parteslaterales, жүп бөліктерден тұрады. Сыртқы пішіні жалпайып, бұлсүйектің қабықшалыбөлігімен беттесіп, шүйде сүйегінің үлкентесігін —foramen magnum, құрайды.
18.Төбе сүйегі, құрылысы.
Төбе сүйек, os parietale, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
1 .Алдыңғы немесе маңдайлық қыры, margo frontalis, тісшеленіп, тәждік жік, sutura coronalis, арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан.
2.Артқы шүйделік қыры, margo occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, sutura lambdoidea, шүйде сүйегі мен шектелген.
3. Сагитальды қыры, margo sagitalis, ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақтық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген.
4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық
қыры, margosguamosa, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы
самай сүйектің қабыршақтық бөлігі мен байланысқан.
Бұрыштары:
1.Маңдайлық бұрышы, angulus frontalis, ол төбе сүйектің мандайлық қыр мен сагитальды қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
2.Сына сүйектің бұрыштары angulus sphenoidalis, олтөбе сүйектің мақдайлық қыры мен қабыршақтық қыры мен түйіскен жерінде орналасқан. Төбе сүйектің үлкен қанаты мен шектелген. Бұл бұрыштың ішкі бетінде қантамырлардың жүлгелері айқын байқалады.
3. Шүйделік бұрыш, angulus occipitalis, ол сагитальды қыр мен шүйделік қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
4.Еміздіктікбұрышы, angulus mastoideus, ол төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырыныңтүйіскен жерінде орналасқан. Сонымен қатар төбе сүйектің дөңестеу келген сыртқы жэне ойыстау келіп, мимен беттесіп орналасқан ішкі беті ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет