Анатомия – 120 ом


Сына сүйектері – ossa cuneiformia



бет18/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142
Байланысты:
Анатомия

Сына сүйектері – ossa cuneiformia – пішіні сынаға ұқсағандықтан солай аталып кеткен. Оған : медиалды, аралық және латеральды сына сүйектері жатады. Қайықша сүйек пен 3 бірінші табан сүйегі арасында орналасады.
Медиальды сына сүйек – os cuneiforme mediale – үлкендеу болып келген. Медиальды беті дөңестеу, латералды беті ойыстау болып келген.
Аралық сына сүйек – os cuneiforme intermedia кішілеу болып келген сүйек. Негізі табанның сыртқы бөлігіне қараған, үшкір аймағы табанға қараған. Айналасындғы сүйектермен:қайықша, 2 табан сүйегі, көрші сына сүйекпен буындық аймақтар құрайды.
Латералды сына сүйек – os cuniforme lateralis көлемі орташа болып келген. Негізі сүйек табанының сыртына, ал жоғарғы ұшы- табан астына қараған. Қаықша сүйекпен, аралық сына сүйекпен, 2-3 табан сүйектерімен, ал сыртқы бөлікте текше сүйекпен буындасады.
Табан сүйектері – ossa metatarsi – 5 түтік пішінді сүйектен, негізі, денесі, басы бар. 5 сүйек тілерсек сүйектер мен башпай сүйектері арасында орналасқан. Негізі - basis проксимальды эпифизінде, дистальды ұшында басы – caput ossis metatarsalis орналасқан. Денесінің - сorpus metatarsale сыртқы беті дөңестеу және тегістеу, медиалдық беті өткірлеу. Табан сүйектерінің денелері бір-бірінен сүйек аралық кеңістік – spatial interossea metatarsi арқылы ажыратылады. 1 және табан сүйегінің артқы бетінде бұдырлары – tuberiositas primi et guinti.
Башпай сүйектері –ossa digitorum seu phalangis – бақай сүйектерден – phalanges құралған.І табан сүйегі 2 бақайдан, ал қалғандарда 3 бақайдан тұрады. Бақай сүйектерінің проксималды, ортаңғы және дисталды – phalanx proximalis, media et distalis бөліктері ажыратылады. Башпай сүйектерінің: денесі – corpus phalangis, проксималды эпифизінде негізі – basis phalangis, дисталды эпифизінің басы – caput phalangis ажыратылады. Дисталдық башпай сүйектің басы дисталдық бұдырынан - tuberiositas phalangis distalis тұрады.

15.Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет