Анатомия – 120 ом


Буынның негізгі және қосалқы элементтері



бет38/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   142
36. Буынның негізгі және қосалқы элементтері.
Буынды құраушы сүйектердің буын беттері әр уақытта сәйкестік жағдайда орналасуы қажет. Буынды құраушы сүйектердің буын беттері сәйкестік жағдайда орналаспаса, онда буынның қалыпты жағдайдағы қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қосымша буын құрамаларымен толықтырылады. Буынның қосымша құрамаларына: буын байламдары, ligamentum articulare,буын дискілері, disciarticulares, буын менискілері, menisci articulares, буын еріндері, labium articulares, сесама сүйектері, ossa sesamoidea, май қатпарлары, plica adiposum т.б. жатады.
1. Буын қапшығының байламдары, ligamentum capsulare, құрамы өте тығыз және мықты болып келген ірі талшықты дәнекер ткандардан тұрады. Негізгі қызметі: буын қапшығының беріктігін сақтаумен қатар, буында болатын қозғалыстың бағытын реттеу. Буын қапшығы байламының топографиялық орналасуына қарай: буын қапшығының сыртқы байламына, ligamentum extracapsulare, буын қапшығының терең қабатында орналасқан байламдарға, ligamentum capsulare және қапшық қуысының ішінде орналасқан байламдарға, ligamentum intercapsulare, бөлінеді. Буындардың барлығында буын байламдары болуы қажет. Сыртқы буын байламдарының қызметі: буын қапшығыныңжыртылуынан немесе зақымдануынан сақтау болса, ішкі буын байламының негізгі қызметі: буын беттерінің аралық үйлесімділігі мен сәйкестігін сақтау.
2. Буын дискілері, disci articulares, терең қабаты көпшілік жағдайда гиалин шеміршегінен, кейбір кезде ірі талшықты шеміршектіктканнан тұрады. Буын дискілері, буынның алшақ орналасқан буын беттерін бір-біріне жақындастырып, үйлесімдендіреді. Дискілердің айналасы буын қапшығы мен бірігіп, буын қуыстығын өзара жоғарғы және төменгі қабатқа бөледі. Қызметі: біріншіден буынның буын беттерін бірбіріне жақындастырып, үйлесімді жағдайға келтірсе, екіншіден буында, болатын өзіне тән қозғалыстың көлемін арттырады. Мұндай, буын аралық дискілер төс-бұғана буынында, самайтөменгі жақ т.б. буындарда кездеседі.
3. Буын менискілерінің, menisci articularis, буын дискілерінен айырмашылығы: біріншіден дискілер тәрізді біркелкі табақша тәрізді болып орналаспаған, екіншіден жоғарғы беті ойыстау және жарты ай тәрізді болып келген, үшіншіден менискінің сыртқы бөлігі қалындау және биіктеу болып келсе, орталық бөлігі үздікті орналасқан, төртіншіден менискі арқылы буын қуысы өзара бір-бірімен жалғасқан жоғарғы және төменгі буын қуысы қабатына (этажға) бөлінеді; бесіншіден менискілердің қызметі дискілер сияқты буын беттерін үйлесімдік жағдайға келтіріп, қозғалысты жеңілдетеді
4. Буын еріндері, labium articulare, буын ойысы буын басының бетіне сәйкес келмеген жағдайда, буын ойысын үйлесімді жағдайға келтіріп тереңдету үшін, буын ойысының жиектерінде орналасқан тығыз ірі талшықты дәнекер ткан.Буын еріндері: иық, жамбас буындарында кездеседі. 5. Сонымен қатар, буындардың буын бетгері өзара сәйкес келмеген жағдайда, буындар майқатпарлары және сесама сүйектерімен толықтырылады. Май қатпарлары буын бетін үйлесімді жағдайға келтірсе, сесама сүйегі қозғалысты жеңілдету қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет