Анатомия – 120 ом


ШАП ӨЗЕГІ,ШЕКАРАЛАРЫ,САҚИНАЛАРЫ,ҚҰРАМЫ



бет57/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142
Байланысты:
Анатомия

65.ШАП ӨЗЕГІ,ШЕКАРАЛАРЫ,САҚИНАЛАРЫ,ҚҰРАМЫ,
ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
Шaп өзегі латынша Canalis inguinalis деп аталады.Ол құрсақтың төменгі шат бөлігінде орналасқан саңылау. Жоғарыдан төмен және сырттан ішке қарай бағытталып орналасады.. Ұзд 4-5 см

Шап өзегінің 4 қабырғасы,беткей және терең сақиналары бар.
• Алдыңғы қабырғасы- іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы,
• Артқы қабырғасын - fascia transversalis түзеді;
• Жоғарғы қабырғасы - ішкі қиғаш және іштің көлденең бұлш-дің төменгі жиегі,
• Төменгі қабырғасын - шап байламы,яғни ligamentum inguinale құрайды.
Осы шап өзегінің алдыңғы және артқы қабырғаларында шап сақинасы деп аталатын беткей және терең тесіктер (annulus inguinalis superficialis et profundus ) бар.Олар:
Беткей шап сақинасы, annulus inguinalis superficialis- медиалді ,латералді және аралық қабырғадан тұрады. Ол қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының 2 аяқшаға ажырауынан түзілген.
Терең шап сақинасы латынша annulus inguinalis profundus.Шап өзегінің артқы қабырғасында жатады.

  • сақина жиектерінен → шәует шылбырына дейін.Ол аталық безді бірге қоршайтын қабық түзеді.

Сонымен қатар шап өзегінде латералді және медиалді шап шұңқыры болады. Fossa inguinalis lateralis,латералді шұңқыр-терең шап сақинасына сәйкес келеді. Fossa inguinalis medialis,медиалді шұңқыр.Осы шұңқырлар арқылы шап жарықтары шығады.
Практикалық маңызы:Осы шап өзегі маңайының осалдығынан шап жарығы пайда болады. Сол жарықтан ішкі ағзалар мысалы қарын,ішек шығып түйнек жасайды.Бұл ауыр жүк көтергеннен пайда болады.Олар кіндік жарығы,шап жарығы,ұма жарығы деп аталады.


66.КІНДІК ҚАТПАРЛАРЫ ЖӘНЕ ШҰҢҚЫРЛАРЫ,ОЛАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетінде мынадай қатпарлар орналасады:
1.Plica umbilicalis medialis,медиалды кіндік қатпары-ішінде бітелген кіндік артериясы болады.
2. Plica umbilicalis mediana ,ортаңғы кіндік қатпары -құрамында бітелген несеп жолы бар.
3. Plica umbilicalis lateralis,латералді кіндік қатпары-құрамында төменгі құрсақасты артерия болады.
Іштің алдыңғы қабырғасының ішкі бетінде осы медиалді,латералді және ортаңғы қатпарлар арасында,тікелей шап байламдарының үстінде 3 шұңқыр орналасқан.Олар:
1. Fossa supravesicalis, қуық үстілік шұңқырша -ол ортаңғы кіндік қатпарының екі жағында орналасады
2. Fossa inguinalis lateralis,латералді шап шұңқыры-ол терең шап сақинасына сәйкес келеді..Негізінен латералді кіндік қатпарының латералді жағында орналасқан.
3. Fossa ingualis medialis,медиалды шап шұңқыры-ол беткей шап сақинасына сәйкес келеді.Бұл шүңқырша латералды кіндік қатпарынан медиалды орналасқан.
Сонымен қатар шап байламының астында сан түтігінің ішкі тесігіне сәйкес fossa femoralis,сан шүңқыры орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет