Анатомия – 120 ом


Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы



бет67/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   142
84.Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы.
Бұлшықет лакунасы шап байламының сыртқы 2 /3 бөлігінде орналасқан. Осы арадағы бұлшықеттің ісік тәрізді томпағын, мықын-бел бұлшықеттері бойымен жоғарыдан ағып келген абцесспен немесе бұлшықеттер бойымен шыққан жарықтармен шатастырып алуы мүмкін.
Қантамырлар лакунасы , шап байламының медиалды жартысында жатады.
Бұлшықеттер қуысы (лакунасы) құрамына не кіреді?

  • белдің үлкен бұлшықеті

  • сан артериясы және венасы

  • мықын бүлшықеті

  • мықын — бел бұлшықеті

  • санның латералды тері нерві және жапқыш нерві

Тамырлар қуысы (лакуна) немен шектелген?

  • алдынан — мықын қасаға сүйек байламасы, артынан—пупарт байламасы, медиалды — купер байламасы, латералды — лакуна байламасы

  • алдынан — Купер байламасы, медиалды — Купер байламасы, артынан —лакуна байламасы, латералды — мықын-Купер байламасы

  • алдынан — шап байламасы, медиалды — лакуна байламасы, артынан — Купер байламасы, латералды — мықын-Купер байламасы

  • алдынан-мықын сүйегі, артынан-мықын жалған байламасы, сыртынан — Купер байламасы, ішінен- пупарт байламасы


85.Әкелуші бұлшық еттің өзектері (Гунтеров өзегі), шекарасы, құрамы және тесіктері.
Санның алдыңғы бетінде сан бұлшықетінің немесе Скарп атты үшбұрыш -trigonum Scarpae орналасқан. Бұл үшбұрыштың жоғарғы, латералды және медиалды қабырғалары бар.
Жоғарғы қабырғасы - шап байламынан, lig. inguinale,
Латералды қабырғасы - тігінші бұлшықетінен, m. sartorius,
Медиалды қабырғасын - ішке тартқыш ұзын бұлшықетінен, m. adductor longus. тұрады.Немесе Гунтеров өзегі деп айтсақ болады.
Сан бұлшықеті үшбұрышының маңындағы беткей орналасқан фасциялық қабықшаның астында мықын-қырқалы жүлге, sulcus iliopectineus орналасқан. Бұл жүлгенің медиалды қабырғасы - қырқалы бұлшықеттен, т.pectineus, латералды қабырғасы - бел-мықын бұлшықетінен тұрады.
Бел-мықын жүлгенің дисталді бөлігі төмен бағытта өтіп, сан бұлшықетінің жүлгесіне, sulcus femoralis ұласады.Сан бұлшықеті жүлгесінің, sulcus femoralis медиальды қабырғасы - санды ішке тартқыш бұлшықеттерден, латералды қабырғасы санның төрт басты бұлшықеті мен медиальды бұлшықетінен, т. vastus medialis тұрады.Сонымен қатар, сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады.
Бұл өзек соңғы жағынан сан-тақым асты немесе гунтеров өзегіне жалғасады.Яғни сан өзекшесінің тікелей жалғасы, санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтеров өзекшесі деп аталынады.
Орналасуы: санның алдыңғы аймағының төменгі бөлігінде
Бұл өзекшенің 1)медиалды қабырғасы
2) латералды қабырғасы
3) алдыңғы қабырғасы болады.
Медиалды қабырғасы санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен, m. adductor magnus, латералды қабырғасы - санның төрт басты бұлшықетінің медиалды бұлшықетінен, m. vastus medialis, алдыңғы қабырғасын - санның медиалды және латералды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады.
Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, a. et v. femoralesжәне теріасты нерві, п. saphenus өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет