Анатомия – 120 ом


Жұлынның сегменттік құрылысы, топографиясы



бет83/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142
Байланысты:
Анатомия

102.Жұлынның сегменттік құрылысы, топографиясы.
Жұлын сегменті бұл –бір деңгейде орналасқан жұлыннан төрт түбіршікпен шығатын (екі алдыңғы,екі артқы) жұлынның горизонталды кесіндісі. Әрбір сегментіне дененің белгілі бір бөлігі сәйкес келеді, сәйкесінше сол аймақтағы теріні және бұлшықетті иннервациялайды. Жұлынның 31 сегменті болады:

  • 8 мойын (segmenta cervicalia) – C1-C8 аралығы

  • 12 кеуде (segmenta thoracica) – Th1-Th12

  • 5 бел (segmenta lumbalia) – L1-L5

  • 5 сегізкөз (segmenta sacralia) – S1-S5

  • 1 құйымшақ (segmentum coccygeum) – Co1 сегменттері

Жұлын нервілерінің түбіршектері мойын бөлімінде горизонталді бағытта, 8-ші мойын жіне кеуде сегменттерінде қиғаш бағытта, бел, сегізкөз және құйымшақ сегменттерінді вертикалді бағытта жатады. 10 төменгі сегменттерінен басталатын түбіршектер төмен қарай өтіп, өз деңгейіндегі омыртқааралық тесіктер арқылы шығып ат құйрығын (cauda equina) құрайды.


103.Рефлекторлық доғалар, қарапайым /2 және 3 тілді/ және күрделі
Рефлекс терминін ең алғаш чех физиологы – Прохаская ұсынған.
«рефлекстік доға» туралы түсінік 1850 ж. Ағылшын физиологы И. Холл берген.
1863 ж. «Ми рефлекстері» еңбегі орыс физиологы И.М.Сеченов.
Рефлекс – ОНЖ арқылы ішкі және сыртқы тітіркендіргіштіктерге жауап қайтару.
Екі түрі бар:
1) Шартты – туа біткен шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады. Организмнің уақытша реакциясы. Тұқым қуаламайды.
2) Шартсыз- туа біткен. Жұлын немесе ми сабауы арқылы іске асырылады. Тұқым қуалайды.
Рефлекстің морф.негізі – рефлекстік доға.
Рефлекстік доға:
- тітіркендіргішті қабылдайды.
- қоздыру энергиясын нервтік импульстарға трансформациялайды.
- ОНЖ жеткізеді, түскен ақпаратты өңдейді.
- жауап қайтарады.
Рефлекстік доға: қарапайым және күрделі.
1. қарапайым- 3 бөлімнен тұрады.
- эфференттік бөлім. Перифериялық өсінділерден басталады. Жұлын мен миға бағытталып эфференттік неиронда синапспен аяқталады.
- ассоциативтік бөлім. Қысқа аксонды, мультиполярлы. Байланыстырғыш. Жұлын мен ми деңгейінде орналасады.
-эфференттік бөлім. Қимыл бөлімі. Орталық неирондардан шығып, жұмыс атқаратын ағза тінінде эффекторлық ұшымен аяқталады.
Бұлшықетте эффекторлар құрылысы ерекше. Моторлы құлақша немесе нерв- бұлшықеттік синапс деп аталады. Мультиполярлы. Эфференттік нейронның денесі мен дендриттің орталық нерв жүйесінде орналасады.

2. Күрделі рефлекстік доға. Бірнеше ассоциативтік нейрондардан тұрады.


Олар: -ақпарат жинақтайды
- мидағы интеграциялық орталықтарға жібереді.
-Түскен ақпараттарды өңдеп интеграциялайды.
-Жауап беру реакциясы туындайды.
-Импульс эфференттік орталықтарға жеткізіледі.
Интеграциялық орталықтар:
Мишық – тепе - теңдік және вестибулярлық.
Ортаңғы ми – көру, есту, иіс сезу және тактильді сезіну.
Аралық ми- сезінудің барлық түрі.
Үлкен ми – кез кезген ақпараттың өңделуіне жауап беретін, адам ойлау, оқу, жазу, және есте сақтау қабілетіне жауап беретін ең жоғарғы интеграциялық орталық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет