72. Санның бұлшық еттері,олардың қызметтері.
Сан бұлшықеттері mm.femoris, ортан жілікті қоршап, алдыңғы, медиалді және артқы топтарға бөліп тұрады.. Санның алдыңғы топ бұлшықеттері: 1.Тігінші бұлшықет m.sartorius, жоғарғы алдыңғы мықындық қырынан spina iliaca anterior басталып, асықты жіліктің бұдырына tuberositas tibiae бекиді. Қызметі: сан мен сирақты бүгеді, санды сыртқа, ал сирақты ішке бұрады.
2.Санның төртбасты бұлшықеті m.guadriceps femoris , санның дисталды ұшында төрт басы бірігіп, сіңір түзеді.
a) санның тік бұлшықеті m.rectus femoris, санның төртбасты бұлшықетінің ең ұзыны.
б) санның жалпақ медиалды бұлшықеті m.vastus medialis ортан жіліктің медиалды аймақтарында орналасқан.
в) санның жалпақ латералды бұлшықеті m.vastus lateralis, жоғарғы бөлігі санның жалпақ сіңірін керуші бұлшықеті m.tensor fasciae latae мен төменгі алдыңғы беті санның тік бұлшықеттерімен беттесіп орналасқан.
c)санның жалпақ аралық бұлшықеті m.vastus intermedius, ортан жіліктің алдыңғы бетінен басталып, тобықтың жоғарғы жиегіне бекиді.
Қызметі: сирақты тізе буынында жазады, санның тік бұлшықетінің арқасында, санның бүгілуіне қатысады.
3.Тізе буынының бұлшықеті m.articularis genus, жалпақтау келген, 4-5 бұлшықет будаларынан құралған. Ортанғы жілік сүйегінің дистальді бөлігінің алдыңғы бетінен басталып, тізе буынының қапшығында бекиді. Қызметі: тізе буынының қапшығын тартып керу.
Достарыңызбен бөлісу: |