Анатомия – 120 ом


Сирақ-тақым өзегі, шекаралары, құрамы



бет106/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

76.Сирақ-тақым өзегі, шекаралары, құрамы.

Сирақ-тақым өзекшесі, canalis cruropopliteus, немесе Грубер атты өзекшесі, ол сирақтың артқы бетінде, сирақтың беткей бұлшықеттері мен теренде орналасқан бұлшықеттерінің аралығында бойлай тақым шұңқырынан өкшелік ахилл сіңірінің медиалды қапталына дейінгі аралықта орналасқан.

Сирақ-тақым өзекшесінің алдыңғы қабырғасы: сирақтың жоғарғы 2/3 бөлігінде артқы асықтыжілік бұлшықетінен, m. tibialis posterior, төменде алдыңғы қабырғасын бас бармақ башпайын бүгетін ұзын бұлшықеті, m. flexor halluces longus құрайды. Артқы қабырғасы сирақтың камбала тәрізді бұлшықетінен тұрады.

Сонымен қатар, бұл өзекшенің үш тесігі: жоғарғы кіретін, алдыңғы және төменгі шығатын тесігі ажыратылады.

а) жоғарғы немесе кіретін тесігі: алдыңғы қабырғасы, тақым бұлшықеті, m. popliteus, артқы қабырғасы камбала бұлшықетінің доға тәрізді сіңіршесінен тұрады.

ә) бұл өзекшенің төменгі тесігі, сирақтың төменгі бөлігінде, камбала тәрізді бұлшықеттің ахил сіңіріне ұласқан жерінде орналасқан.

б) алдыңғы тесігі: сирақтың проксимальды бөлігіндегі сүйек аралық жарғақтың жоғарғы тесігі болып саналады.

Бұл өзекшенің бойында артқы асықты жіліктік қан тамырлар мен нервтер орналасқан. Сонымен қатар, сирақтың төменгі 2/3 бөлігінде бұл өзекшеден латералды бағытта төменгі асықты жілік шыбығы бұлшықетінің өзекшесі өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет