Анатомия – 120 ом


Перифериялық иммундық жүйе ағзалары



бет119/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   211
90. Перифериялық иммундық жүйе ағзалары

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Лимфа түйіндері- олар ықшам көлемді, бұршақ тәрізді, лимфа тамырының бойын бойлап жатқан анатомиялық құрылыстар. Органның әр учаскесінде регионалдық лимфа түйіндері бар. Адам организміндегі олардың жалпы саны 1000-ға жуық болады. Лимфа түйіндердің атқаратын басты жұмысы - биологиялық сүзгіштік. Организмнің барлық учаскесінен келген лимфа сүзіледі, сонымен қатар антигендер қоюландырылады. Орта есеппен алғанда лимфа түйіндерінен бір сағат арасында 109 санды лимфоцит өтеді. Құрылысына қарағанда лимфа түйінегі екі қабаттан тұрады:


  1. қыртыстық

  2. ұлпалық.

Қыртысты қабат дәнекерлеу тінінің тарамдарымен ұяларға бөлініп, өзара қыртыстық және қыртысқа көршілес зонадан тұрады. Қыртыстық зонада В-лимфоциттерді өсіп-өндіретін фолликулалар (терминантты орталар) орналасқан. Бұл ортада сонымен қатар В–лимфоциттерді кемеліне келтіретін фолликулярлық дендриттерді табуға болады. Қыртысқа жуық қабатта Т-лимфоциттер мен Лангерганс жасушаларының негізі болып келетін арнаулы интердигиталды жасушалардың аймағы орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет