Анатомия – 120 ом


Гипофиз, эпифиз құрылысы қызметі



бет127/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   211
95.Гипофиз, эпифиз құрылысы қызметі

Гипофиз, hypophysis (glandula pituitaria),сынатәрізді сүйектің түрік ершігінің гипофиз шұңқырында орналасқан жэне бас сүйегі қуысынан ершіктің көкетін құрайтын катты милы кабық өсіндісі менб өлінген. Осы көкеттегі тесік арқылы гипофиз аралық мидың гипоталамусының құйғышымен байланыскан.

Гипофиздің көлденең мөлшері — 10-17 мм, алдынан — артына қарай 5-15 мм, тігінен 5-10 мм. Еркектерде гипофиздің салмағы 0,5 г,әйелдерде 0,6 г. Сыртынан гипофиз капсуламен қапталған. Гипофиздің екі үдесін ажыратады — алдыңғы және артқы.

Алдыңгы үлес (аденогипофиз), lobus anterior (adenohypophysis), ірілеу келген, барлык гипофиз салмағының 70-80% құрайды.

Ол артқы үлеске Караганда тыгыздау. Гипофиз шұңқырында орналасқан алдыңгы үлесте дисталды бөлікті, pars distalis, ажыратады,аралық бөлік, pars intermedia, артқы бөлікпен шекарада орналасқан және төмпелік бөлік,pars tuberalis, жоғары көтеріліп гипоталамустын құйғышымен байланысады. Қан тамырлардың көптігіне байланысты гипофиздің алдыңғы үлесі бозғылт-сары қызғылт болады. Гипофиздың алдыңғы үлесінің тіні арасында синусоидты капиллярлар орналасқан безді жасушалардың бірнеше типтерінен қүралған.

Арткы үлес (нейрогипофиз), lobus posterior (neurohypophysis), гипофиз шұңқырының арткы бөлігінде орналасқан нервті бөлік, lobus nervosus, және аденогипофиздің төмпешік бөлігінің артында орналасқан құйғыштан, infundibulum, түрады. Гипофиздің артқы үлесі нейроглиалді жасушалардан (петуицид), гипоталамустың нейросекреторлық ядроларынан нейрогипофизға баратын нерв талшықтарынан және нейросекреторлық де-нелерден құралған. Гипофиз онын жұмысын реттейтін аралық мидың гипоталамусымен нерв талшықтары және қантамырлары арқылы функпионалді байланысқан. Гипофиздің алдыңғы және артқы үлестерінің гормондары басқа эндокринді бездер арқылы организмнің көптеген функцияларына эсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде жас организмнің осу және даму процестерін реттеуге қатысатын соматотропты гормон (осу гормоны) бөледі; бүйрекүсті безінің стероидты гормондар секрециясын реттейтін адренокортикотропты гормон(АКТГ); қалқанша бездің дамуына және продукциясына эсер ететін тиреотропты гормон (ТТГ); организмнің жыныстық жетілуіне эсер ететін гонадотропты гормондар (фолликулаынталандырушы, лютеинынталандырушы және пролактин), олар аналық бездегі түйіншелердің дамуына, овуляцияға, сүт бездерінің өсуі мен сүт бөлінуге, еркектерде сперматогенез процесін ретгейді. Сонымен қатар, гипофиздің алдыңғы үлесінде организмдегі майлардың мобилизациясы мен утилизациясына эсер ететін гипофиздін липотропты факторлары бөлінеді. Гипофиздің аралық үлесінде организмде меланиннің түзілуін реттейтін мела-ноцит гормоны түзіледі.Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларының нейросекреторлы жасушалары вазопрессин мен окситоцин бөледі. Бүл гормондар гипофиздін артқы үлесіне гипоталамо-гипофизарлы жол түзетін аксондар бойымен тасымалданады. Гипофиздің артқы бөлігінен осы заттар қанға түседі. Вазопрессин гормонының әсері тамырларды тарылтушы және антидиуретикалық болып табылады, соған байланысты онын атауы антидиуретикалық гормон (АДГ). Окситоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына эсер теді, сүт бездерінен сүт бөлінуді жақсартады, сары дененің функциясы мен дамуын тежейді, аскорыту жүйесінің тегіс бүлшықеттерінің тонусының өзгеруіне әсер етеді.

Томпақ дене (ми эпифизі), corpus ріпеаіе,(epyphysis cerebri) аралық мидың эпиталамусына жатады және ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерін бір-бірінен бөлетін жүлгеде орналасады. Томпақтың алдыңғы ұшынан оң және сол таламустың (кору төмпешіктері) медиалді беткейіне жүгеншелер, habenulae, тартылған. Томпақ дененің пішіні көбінесежұмыртқатәрізді, ересек адамда салмағы 0,2г, ұзындығы 8-15 мм, ені 6-10 мм, калындығы 4-6 мм. III қарыншаның қуысына караған томпақ дененің негізінде ойыс орналасқан. Сыртынан томпақ дене кұрамында көптеген қантамырлардың анастамоздары бар дәнекер тінді капсуламен капталған. Капсуладан мүшенің ішіне карай дәнекер тінді шарбакшалар (трабекулалар) енеді де, томпак дененің ұлпасын үлесшелерге бөледі. Ұлпаның жасушалық элементтері саны жағынан коп мамандырылған безді жасушалар — пинеалоциттер (пинеоциттер) және аздау келген глиалді жасушалар (глиоциттер). Ересек және әсіресе карт адамдардың томпақ денелерінде кұмды денелер (милы құм) кездеседі.Томпақ дененің эндокринді рөлі: оның жасушалары жыныстық жетілуге дейін гипофиз әсерін тежейтін зат бөледі және зат алмасудың көбін реттеуге катысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет