108.Ми қыртысы. Анализатор туралы түсінік. Ми қыртысындағы орталықтар
Ми қыртысы ( cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронның сұр затынан түзілген қабат.
1.Ежелгі қыртыс (paleocortex) – bulbus olfactorius – тың қасында оранласатын маңдай бөлігі.
2. Ескі қыртыс ( archicortex )- самай үлесінің аймағында орналасқан.
3.Жаңа қыртыс ( neocortex) - үлкен ми жартышарының қалған аймақтары.
Ми жартышары қыртысының 6 қабаты бар:
1) Молекулалық табақша (lamina molecularis) – еске сақтауға жауап береді
2) Сыртқы қиыршықты табақша (lamina granularis externa) – ойлау қабілетіне жауапты
3) Сыртқы пирамидалық табақша (lamina pyramidalis externa) – ассоциативті қабат, яғни афференттік ақпаратты жоғарыда аталған қабат клеткаларына өткізеді
4) Ішкі түйіршікті табақша ( lamina granularis interna) - афференттік қабат, яғни афференттік ерікті қыртыс сезім жолдары аяқталады (ауырғанды, температураны т.б. сезу)
5) Ішкі пирамидалық табақша (lamina pyramidalis interna) – эфференттік қабат, яғни эффренттік ерікті қыртыс қозғалтқыш (пирамидалық) жолдар басталады
6) Әртүрлі пластинка - ассоциативті қабат, яғни екі жартышарды бір-бірімен және әр жартышардың ішіндегі бөліктерін бір-бірімен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |