Анатомия – 120 ом


Мидың медиалді және базалді беттерінің жүлгелері мен қатпарлары



бет140/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   211
107.Мидың медиалді және базалді беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.

1)Жүлгелері:

- сүйелді дененің жүлгесі ( sulcus corporis callosi )

- гиппокамп жүлгесі ( sulcus hippocampi ) - гиппокамп жанындағы қатпар мен ілмекті ми аяқшаларыннан бөліп тұрады

- белдеулік жүлге ( sulcus cinguli ) – белдеулік қатпарды жоғарыдан шектейді

- жиектік тармақ ( ramus marginalis ) - sulcus cinguli-ден басталып жоғарыға бағытталған жүлге

- орталық маңындағы жүлге ( sulcus paracentralis ) - сүйелді дененің орта тұсында орналасқан

- төбе астындағы жүлге ( sulcus subparietalis ) - sulcus cinguli-дің артқы шетінде төменге бағытталған жүлге

- топшылық жүлгесі ( sulcus calcarinus ) – шүйделік полюсұа қарай бойлай бағытталған жүлге

- жанама жүлге ( sulcus collateralis ) – шүйде-самай жүлгесіне параллельді орнадасқан

- шүйде-самай ( sulcus occipitotemporalis ) – латералді шүйде-самай қатпарын медиалді жағынан қоршап жатыр

- мұрындық жүлге ( sulcus rhinalis ) - sulcus collateralis-тен алға қарай бағытталған жүлге

2)Қатпарлары :

- орталық жанындағы үлесше ( lobulus paracentralis )

- сынаалды ( precuneus ) - ramus marginalis және sulcus parietoocipitalis-тің аралығында орналасқан

- сына ( cuneus ) - sulcus parietoocipitalis және sulcus calcarinus аралығында орналасқан

- тілдік қатпар ( gyrus lingualis ). - sulcus collateralis-тың артқы бөлімі мен calcarinus аралығында орналасқан

- медиалді шүйде-самай қатпары ( gyrus occipitotemporalis medialis ) - sulcus occipitotemporalis және sulcus collateralis-пен шектеліп жатқан қатпар

- латералді шүйде-самай қатпары ( gyrus occipitotemporalis lateralis ) - sulcus occipitotemporalis медиалді жағын шектеп жатады

- гиппокамп жанындағы қатпар ( gyrus parahippocampalis ) – жанама жүлгеден бастап терең sulcus hippocampi аралығында орналасады

- ілмек ( uncus ) – gyrus parahippocampalis-тың алдға ұласып біткен жерінде орналасады

- күмбезді қатпар ( gyrus fornicatus ) – guris cinguli басталып, isthmus gyri cinguli арқылы қалта құрып, ілмекпен аяқталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет