Анатомия – 120 ом


Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша



бет177/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   211
146. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
Көкірекаралық,mediastinum,екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.Көкірекаралық, mediastinum,алдынан төспен,артынан омыртқа жотасының кеуде бөлігімен, бүйірінен оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі. Көкірекаралық жоғарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасына, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақытта көкірекаралықты шартты түрде жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Жоғарғы көкірекаралық, mediastinum superius, төс сабын (алдынан) IV және V кеуде омыртқаларымен (артынан) қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталатын тамырлар (иықбас сабауы, сол жалпы ұйқылық артерия, сол бұғанаастылық венасы), кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі, кеуде түтігінің сәйкес бөлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.Шартты горизонталді азықтықтан төмен төменгі көкірекаралық, mediastinum inferius, орналасады. Төменгі көкірекаралық өзі үшке: алдыңғы, ортаңғы,артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы көкірек-

аралық, mediastinum anterius алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, кұрамында ішкі кеудетармақтары, төс маңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады. Ортаңғы көкірекаралықта, mediastinum medium ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап

ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкет-жүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек бронхтық және латералді жүрекқаптық лимфа түйіндері орналасады. Артқы көкірекаралык, mediastinum posterius алдынан жүрекқаптың кабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Арткы көкірекаралықтын мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылайсыңар веналар, оң және сол симпатикалык сабаудың, ішкі

мүшелік нервтердің, кезбе нервтің, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы көкірекаралык және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет