Анатомия – 120 ом


Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы



бет182/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   211
151.Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
Плевра шекаралары.

Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық, өкпеқап, pleura, деп аталынады. Топографиялық орналасуына қарай, қабырғалық немесе париеталді өкпеқап, pleura parietalis, және мүшелік немесе висцералді өкпеқапқа, pleura visceralis, бөлінеді.

- Висцералді өкпеқап, pleura visceralis, өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан, висцералді немесе өкпелік өкпеқап, pleura pulmonalis, деп аталады. Бұл сірлі кабық өкпенің паренхиматозды қабығын жауып орналасқандығы соншалықты, бір-бірінен айыру қиынға соғады. Сонымен қатар, висцералді өкпеқап өкпенің төменгі жиектерінде кұйғыштәрізді өсінділерді құрап, өкпе қакпасының төменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикалді бағытта көкетке өтіп, өкпелік байламды, lig.pulmonalis құрап, париеталді окпеқапқа, pleura parietalis, жалғасады.

- Париеталді өкпеқап, pleura parietalis,ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париеталді өкпеқаптың сыртқы беті,кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан,тұйык ішкі кеуделік шандырмен,fascia endothoracica, тығыз айланысып,өкпекап қуысына қараған беті сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий жасушаларымен көмкерілген.

Өкпеқап қуысы.

Өкпеқаптың париеталді және висцералді бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап қуысы cavum pleuralis, деп аталады. Өкпеқап қуысының аралығында қалыпты жағдайда, қимылсыз кезде 1-2 мл шамасындай сірлі

сұйықтық байқалады.Тыныс алу кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады. Сонымен қатар, кеуде қуысының қабырғаларын кеңейтуші, инспираторлық күш пен өкпенің

талшықты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттесуін қамтамасыз етіп, өкпеқап қуысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып, еркін қозғалуына

ықпал етеді.

Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі кеуде қуысынан жоғары, мойын аймағына өтіп,өкпенің ұшымен беттесіп,өкпеқап күмбезін,cupula pleurae, құрайды. Өкпеқап күмбезі,алдынан карағанда 1-қабырғадан 3-4 см жоғары орналасып, арқа жағынан VII-мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді.

Өкпеқап күмбезінің алдыңғы беті,бүғанаасты артерия және венамен бетгесіп, артқы беті иық өрімімен, plexus brachialis, шектелген.

Өкпеқаптың париеталді бөлігі топографиялық орналасуына қарай, қабырғалық өкпеқапқа, pleura costalis, көкеттік өкпеқапка, pleura diaphragmatica, және көкірекаралық өкпекапқа, pleura mediastinalis, бөлінеді.

Өкпекаптың қабырғалық бөлігі, pleura costalis, кабырғаның бүкіл ішкі бетін және қабырғааралық ішкі бұлшықетті, оның ішкі кеуделік шандырын жауып орналасқан. Бұл бөлік алдында кеуде маңында, артында омыртқа бағанасының тұсында көкірекаралық өкпекапқа жалғасады.

Көкірекаралық өкпекап, pleura media­stinalis, ол сагиттал жазықтықтың бойында орналасып, жүрекқабының, pericardium сыртқы бетін, одан әрі өкпе түбірінің сыртқы бетін жауып окпе қақпағының, hilus pulmonis

тұсында өкпенің сырткы бетінде висцералді өкпеқапқа жалғасады. Ол, алдында жэне артында кабырғалык өкпеқапка, төменде көкеттік өкпеқапка ұласады.Көкеттік өкпеқап, pleura diaphragmatica,көкеттің кеуде қуысына қараған бетінің бұлшыкеттерін және оның жалпақ сіңірінің

орталық бөлігінен баска бөлігін жауып орналасқан.

Өкпекаптын шекарасы.

Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты асимметриялдық жағдайда,оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы, артқы және төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.

- Екіөкпеқаптыңжиегі, кабырғалык өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртка бағанасының бойында сәйкес келіп,өкпеқаптың күмбезі, cupula pleurae, мен ХІІ-қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.

- Өкпекаптын алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей, өкпенің ұшынан, apex pulmonis, томен медиалді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының, articulato sterno-clavicularis, артқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта ІІ-қабырғадан ІҮ кабырғаға дейін параллель томен өтеді.

- Оң окпеқаптың алдыңғы жиегі, төс-бұғана буынының арткы бетінің тұсынан, алдыңғы орталық сызықтың, linea mediana anterior,оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді. Одан әрі, томен тік бағытта VI-VII-қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндінен, processus xiphoideus, төмен оң жаққа өтіп, оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады.

- Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі сияқты, төс-бұғана буынның арткы қапталының тұсынан төмен,

төс сүйегінің сол қырының бойымен IV- қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді.Сол IV-қабырғаның тұсында,жүректік тілікті, incisura cardiaca, (pulmonis sinistri) құрап,төмен бағыттаөтіп,VI-қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпекаптың төменгі жиегіне ұласады.

- Өкпеқаптың төменгі жиегі,қабырғалық өкпеқаптың көкеттік өкпеқапқа жалғасқан жиегі немесе кыры болып саналады.

- Оң өкпеқаптың төменгі жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол, төмен латералді өтіп, емшектік сызықта, linea mamillaris, VII- қабырғаны, ортаңғы қолтық сызықтың, linea axillaris mediana, IX-қабырғаны кесіп өтіп, одан әрі горизонталді бағытта X және XI -қабырғаны кесіп өтіп,

ХІІ-қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

- Сол өкпеқаптың төменгі жиегі, оң өкпе- қаптың төменгі жиегіне карағанда, жоғарыда көрсетілген сызык бойынша бір қабырга төмен орналасып, оң ХІІ-кабырға басының тұсында өкпеқаптың арғы жиегіне жалғасады.

Өкпеқаптың қойнаулары.

Өкпеқап синустары немесе қойнаулары, recessus pleuralis, деп париеталді және висцералді өкпеқаптың аралығындағы қуыс.

Екі өкпеқаптың төменгі бөлігінде, қабырғалық өкпеқап пен көкеттік өкпекаптың түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы, recessus costodiaphragmaticus;

Қабырға-көкірекаралық қойнау, recessus costomediastinalis, ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің, incisura cardiaca, бойында орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет