14.Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері.
Аяқ басы сүйектері – ossa pedis – 3 топ сүйектерден тұрады: тілерсек, табан, бақайлардың бақайшақтарынан тұрады. Аяқ ұшының сүйектері – ossa tarsi – проксимальды және дистальды 2 қатар түзетін, 7 кеуекті сүйектен тұрады.
Тілерсек сүйектері – ossa tarsi – қысқа, пішіндері әртүрлі 5 сүйектен тұрады: асықты сүйек, өкше сүйегі, қайықша тәрізді сүйек, текше тәрізді сүйек, 3 сына тәрізді сүйек.
Асықты сүйек – os talus – сирақ сүйекпен буындасатын дара сүйек. Басынан –caput tali, денесінен – corpus tali, мойынынан – collum tali тұрады. Мойыны басы мен денесін қосып тұрады. Денесінің төменгі бөлімінде қайықша сүйекпен байланыстыратын буындық беті бар. Оларға:алдыңғы, медиальды және артқы - facies articulares calcaneae anterior, mediа, et posterior. Бас бөлімі қайықша сүйекпен байланысуы үшін шар тәрізді. Денесінің 3 буындық беті бар: жоғарғы, медиальды, латеральды толарсақтық беті – facies superior, medialis, lateralis. Бұл сирақ сүйекпен байланысуға арналған шығыршық – trochlea tali.