5. Дабыл өзекшесі – canalis tympanicus. Құрамы: дабыл нервісінен кейін кіші тастық нервісіне жалғасады. Самай сүйегінің тастық бөлігінің төменгі беткейінен тастық шұңқырынан басталып, жоғары көтеріледі. Кейін дабыл қуысының төменгі беткейіне өтіп, дабыл қуысының медиальды қабырғасы бойы жүріп, мүйіс саласында жатады. Содан соң дабыл қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, кіші тастық нервтің саңылауында аяқталады.
6. Еміздікше өзекшесі – canaliculus mastoideus. Мойындырықтық шұңқырдың артқы қабырғасынан өтіп, бет өзегін қиып өтеді де, дабыл-еміздікше саңылаудан өтеді.