30. Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары
Қанат-таңдай шұңқыры, fossa pterygopalatina, олсамайастылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрагындықтан қанат-таңдай шұңқыры деп сол себепті аталады. Бұл шұңқырдың үш қабырғасы ажыратылады: а) алдыңғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегініңбұдырынан; б) артқы қабырғасы: сынасүйектіңқанаттәрізді өсіндісінентұрады. Қанат-таңдай шұңқырының практикалық маңызы: а) біріншіден құрылысы да қызметі жағынан өте күрделі парасимпатикалық қанаттаңдай түйіні орналасса, ә) екіншіден парасимпатикалық түйіннен нервтендірілетін мүшелерге бағытталған түйіннен кейінгі нерв талшықгары арқылы бірнеше қуыс пен өзара жалғастығында. Қанат-таңдай шұңқырының озара қатынастары.
1. Ауыз қуысы мен — таңдай сүйегінің горизонталді табақшасының үлкен өзекшесі, canalis palatinus major, арқылы;
2. Көз шарасымен көз шарасының төменгі саңылауы, fissura infraorbitalis, арқылы;
3. Мұрын қуысы мен: сына-таңдайлық тесік- foramen sphenopalatinum, арқылы;
4. Ми сауытының ортаңғы шұңқырымен: дөңгелек тесік, foramen rotundum, арқылы;
5. Қанаттыөсіндісінің өзекшесі — canalispterygoideus, арқылы ми сауытының сыртқы негізімен байланысады.
Тесіктеріне келер болсақ мұрын қуысымен сына таңдай тесік foramen sphеnopalatinum, ми сауытының ортаңғы шұңқырымен дөңгелек тесік foramen rotundum . Қанатты өсіндісінің өзегі canalis pterygoideus ми сауытымен байланысады .Ауыз куысы мен таңдай сүйегінің горизонталды табақшасы үлкен өзегімен canalis palatis major мен көз ұясының төменгі саңылауы fissura inf.ororbitalis өзара қанат –таңдай шұңқырдың қатнастары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |