32. Самай , самайасты шұңқыры.
Самай шұңқыры, fossa temporalis, ол бас сүйектің бүйір бетінде орналасқан екі жақтылық ойыстан тұрады. Бұлшұңқырлардыңозара межелік сызықшасы, жоғарыда самайлық жоғарғы сызықшамен, linea temporalis superior, төменде самай астылық қырқа, crista infratemporalis, аралығында орналасқан. Самай шұңқырының медиалдіқ, алдыңғы және латеральдық қабырғалары ажыратылады.
1. Медиальды қабырғасы: тебе сүйегінің сыртқы бетінің сыналық бұрышының маңынадғы төменгі белігінен, самай сүйектің қабықшалы бөлігінің сыртқы бетінен және сына сүйектің үлкен қанатының самай шұңқырына қараған бетінен құралған.
2. Алдыңғы қабырғасы: бетсүйек пен маңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісінің самай шұңқырына қараған бетінен тұрады. Алдыңғы бетінде: коз шарасы самай шұңқыры мен озара жалғастырып тұрушы бетсүйектік-самай өзекшеніңтесігі, foramen zygomaticotemporale, айқын байқалады.
3. Латеральды нем есе бүйір қабырғасы: бет сүйектік доғадан тұрады.
Самайастылық шұңқыр, fossa infratemporalis, бұлшұңқырдың көлденең ені биіктігіне қарағанда көлемді болып келген, ол самай шұңқырының тікелей жалғасы болып саналады. Самай шұңқыры мен самайастылықшұңқырдың өзара межелік шекарасы самайастылық қырқа, crista infratemporalis, болып саналады. Бұлшұңқырдын, алдыңғы, медиалді, латеральды қабырғасы ажыратылады.
а) Алдыңғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің самай астылық шұңқырына қараған бетіндегі жоғарғы жақтық бұдырынан, tuber maxillae,
ә) Медиальды қабырғасы: сына сүйектің латеральды қанаттәрізді өсіндісінен;
б) Латеральды қабырғасы: а,әлірек айтсақ жоқ, ол төменгі жақ сүйегінің бұтағы -ramus mandibulae, бұл шұңқырдың латеральды қабырғасын құрауға қатысады.
Самайастылық шұңқыр одан әрі бұл шұңқырдың ішкі қапталына қарай бағыт алып,қанат-тандай шұңқырына ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |