67.ИЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ,ҚЫЗМЕТІ.
Иық белдеуінің бұлшық еттері иықты қоршай орналасып,оны қимыл қозғалысқа келтіріп отырады.Оларға мына бұлшықеттер жатады.
1. қылқан үстілік бұлшықет
2. қылқан астылық бұлшықет
3. дельта тәрізді бұлшықет
4. жұмыр кіші бұлшықет
5. жұмыр үлкен бұлшықет
6. жауырынастылық бұлшықет.
1. m.supraspinatus-қылқан үстілік бұлшықет. Ол жауырынның қылқан үсті шұңқырынан → тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне дейін. Негізгі қызметі иықты әкетеді және тайып кетуден сақтайды.
2. m.infraspinatus-қылқан астылық бұлшықет. fossa infraspinata, басталып → тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне дейін. Негізгі қызметі иықты сыртқа қарай айналдыру.
3. m .deltoideus-дельта тәрізді ,иыққа пішін беріп тұратын бұлшықет.Ол жауырынның қырқасынан басталып, tuberositas deltoidea humeri ге барып бекиді. Иықты бүгу,жазу және әкету қызиетін атқарады.
4. m. teres minor-жұмыр кіші бұлшықет. Жауырынның латеральді қырынан басталады және тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді.Иықты сыртқа қарай айналдырады.
5. m .teres major-жұмыр үлкен бұлшықет. Жауырынның төменгі бұрышының артқы бетінен басталады да тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне барып бекиді.Иықты артқа тартады,тұлғаға қарай жақындатады.
6. m.subscapularis- жауырын астылық бұлшықет.Ол жауырын астылық ойыстан басталып ьоқпан жіліктің кіші төмпешігіне бекиді.Иық буынын ішке қарата бұрады.
Осы иық белдеуінің бұлшықеттері иықты ғана қозғалтып қоймай,сонымен қатар қолды қимылдатуға да қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |