Анатомия – 120 ом


ШАП ӨЗЕГІ,ШЕКАРАЛАРЫ,САҚИНАЛАРЫ,ҚҰРАМЫ



бет94/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

65.ШАП ӨЗЕГІ,ШЕКАРАЛАРЫ,САҚИНАЛАРЫ,ҚҰРАМЫ,

ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

Шaп өзегі латынша Canalis inguinalis деп аталады.Ол құрсақтың төменгі шат бөлігінде орналасқан саңылау. Жоғарыдан төмен және сырттан ішке қарай бағытталып орналасады.. Ұзд 4-5 см



  • Ер адамдарда тұқымдық шылбыр,funiculus spermaticus,

  • әйел адамдарда жатыр байламы,ligamentum teres uteri, өтеді.

Шап өзегінің 4 қабырғасы,беткей және терең сақиналары бар.

• Алдыңғы қабырғасы- іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы,

• Артқы қабырғасын - fascia transversalis түзеді;

• Жоғарғы қабырғасы - ішкі қиғаш және іштің көлденең бұлш-дің төменгі жиегі,

• Төменгі қабырғасын - шап байламы,яғни ligamentum inguinale құрайды.

Осы шап өзегінің алдыңғы және артқы қабырғаларында шап сақинасы деп аталатын беткей және терең тесіктер (annulus inguinalis superficialis et profundus ) бар.Олар:

Беткей шап сақинасы, annulus inguinalis superficialis- медиалді ,латералді және аралық қабырғадан тұрады. Ол қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының 2 аяқшаға ажырауынан түзілген.

Терең шап сақинасы латынша annulus inguinalis profundus.Шап өзегінің артқы қабырғасында жатады.



  • сақина жиектерінен → шәует шылбырына дейін.Ол аталық безді бірге қоршайтын қабық түзеді.

Сонымен қатар шап өзегінде латералді және медиалді шап шұңқыры болады. Fossa inguinalis lateralis,латералді шұңқыр-терең шап сақинасына сәйкес келеді. Fossa inguinalis medialis,медиалді шұңқыр.Осы шұңқырлар арқылы шап жарықтары шығады.

Практикалық маңызы:Осы шап өзегі маңайының осалдығынан шап жарығы пайда болады. Сол жарықтан ішкі ағзалар мысалы қарын,ішек шығып түйнек жасайды.Бұл ауыр жүк көтергеннен пайда болады.Олар кіндік жарығы,шап жарығы,ұма жарығы деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет