Анатомия – 120 ом


Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары, практикалық маңызы



бет111/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   211
83.Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары, практикалық маңызы.

Сан өзекшесінің, canalis femoralisyзындығы шамамен 0,5 см. Сан венасының ішкі қапталында орналасқан. Бұлөзекшенің ішкі және сыртқы тесігі және үш қабырғасы ажыратылады.

1. Сан өзекшесінің ішкі тесігі, annulus femoralis жарық болған жағдайда байқалады. Ол, құрсақтың алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі шаптың латералдық шұңқырында fossa inguinalis lateralis орналасады. Қабырғалары: a) алдыңғы қабырғасы — шап байламы, Ііg. inguinale, ә) латералды қабырғасы — сан венасы, V. femoralis, б) медиалды қабырғасы — лакунарлы байламнан, lig. lacunare, в) артқы қабырғасы — қырқалы бұлшықеттің фасциялық табақшасы, fascia pectineae тұрады. Бұлтесіктің ішкі беті құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасымен және ішастармен жауып орналасқан.

2. Сан өзекшесінің сыртқы тесігі, санның тері асты үлкен венасы саңылауының, hiatus saphenus маңында орналасқан.

Бұл өзекшенің үш қабырғасы ажыратылады: а) алдыңғы қабырғасы — шап байламы, Ііg. inguinale, ә) латералды қабырғасы: сан венасы,

V. femoralis, б) артқы қабырғасы: қырқа бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан, fascia pectineaee тұрады.

— Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalisadductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Олсан өзекшесініңтікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады. Бұл өзекшенің: а) медиалды қабырғасы санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен, т. adductor magnus, ә) латералды қабырғасы — санның төрт басты бұлшықетінің медиалды бұлшықетінен, т. Vastus medialis, б) алдыңғы қабырғасын — санның медиалды және латералды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады. Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, a. et v. Femorales және тері асты нерві, п. saphenus өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет