86. Иммунды жүйенің жалпы сипаттамасы
Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Организм үшін бөгде зиянды заттар организм ішінде түзілетін және сырттан түсетін әртүрлі химиялық қосылыстар, жасушалық және тіндік құрылымдар болып табылады.Немесе қоршаған ортадан түрлі вирус, бактерия, қарапайымдар, гельминттер, кейде трансплатанцияланған ағзалар мен тіндер енеді. Осы бөгде заттардан иммунды жүйе қорғайды.
Иммундық жауап беру реакцияларында Т-және В лимфоциттер одақтасып бірге жұмыс атқарады. Т- және В- лмфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар иммунокомпетентті клеткаларға жатады.Бұлар генетикалық бөтен ағзаларды таниды және жойылуын қамтамасыз етеді.Яғни клеткалық және гуморалдық иммундық реакцияны қалыптастыратын клеткаларды- иммунокомпетентті клеткалар немесе иммуноциттер дейміз.
Иммундық жүйені лимфоидтық клеткаларды түзуге қатынасатын барлық ағзалар құрайды, ол қорғаныс қызметін қалыптастырып иммунитетті қалыптастырады.Осы ағзалардың паренхимасы лимфоидтық тінмен түзілген негізгі 2 құрылым құрайды: 1.торлы строма-(торлы клеткалар және ұсақ өрім құрап жататын торлық талшықтардан тұрады.)
Достарыңызбен бөлісу: |