Анатомия – 120 ом



бет142/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Орталықтары:

Маңдай бөлігі:

а) Қимылдық функциялардың проекциялық орталығы – gyrus precentralis және lobulus paracentralis қыртысы, импульстарды талдау және ерікті қимылдарды қамтамасыз ететін испульстарды өткізу

б) Сөйлеудің ассоциативтік қозғалыс орталығы - маңдай бөліктің төменгі қатпарының (gyrus frontalis inferior) артқы бөлімінің қыртысы, сөйлеу орталығы

в) Жазу таңбаларының ассоциативтік орталығы - ортаңғы маңдай қатпарының артқы бөлімінің қыртысы, tractus corticospinalis арқылы импульс қол бұлшықеттеріне таңба жазу процесі іске асады

г) Бас пен көздің үйлесімді бұрылысының ассоциативтік орталығы - маңдай бөліктің ортаңғы қатпарының қыртысы, жазу орталығы орналасқан

Төбе бөлігі:

а) Жалпы сезімталдықтың проекциялық орталығы - артқы орталық қатпардың (gyrus postcentralis) қыртысы – барлық сезім орталығы (ауырсыну, температура және т.б. )

б) Дене қалпының проекциялық орталығы – төбеішілік жүлгені (sulcus intraparietalis) шектеп жатқан қыртыс– кеңістіктегі қалпын сезіну;

в) Стереогнозияның ассоциативтік орталығы – жжоғарғы төбе үлесшесінің (lobules parietalis superior ) қыртысы– жалпы сезімталдылық;

г) Сөйлеудің ассоциативтік көру орталығы - бұрыштық қатпар (gyrus angularis) қыртысы – әріптерді тану және оқу

Самай бөлігі:

а) Естудің проекциялық орталығы - самай бөліктің жоғарғы қатпарының қыртысы – есту орталығы;

б) Вестибуляторлық функцияның прекциялық орталығы - ортаңғы және төменгі самай қатпарларының (gyrus temporalis superior et gyrustemporalis inferior) артқы бөлігінің қыртысы – тепе-теңдік сақтау орталығы

в) Дәм сезудің прекциялық орталығы - ілмек ( uncus ) – иіс және дәм сезу орталықтары орналасқан.



Шүйде бөлігі:

а)Көрудің проекциялық орталығы – топшалық жүлгені (sulcus calcarinus) шектейтін қыртыс – көру жолдарының талшықтары орналасқан



б) Көрудің ассоциативтік орталығы – шүйде үлесінің жоғарғы латералді бетінің қыртысы – заттарды пішініне, түсіне және т.б, сипатына қарай еске сақтау.

Анализатор дегеніміз сыртқы қабылдаушы аппараттан басталып, мида аяқталатың күрделі нервтік механизм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет