Анатомия – 120 ом


Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы



бет148/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

111. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы

Ми-жұлын сұйықтығы, liquor cerebrospinalis – жұлын мен мидың торлы қабығының астындағы spatium subarachnoideum және қатты қабық астындағы кеңістіктерді, spatium subdurale сонымен қатар, мидың барлық қарыншаларын және жұлынның орталық каналын соңғы цистернаға, cisterna terminalis-ке дейін толтырып жататын сұйықтық.

Ағып кету жолы:

-ми-жұлын сұықтығы торлы қабық түйіршіктері, granulationes arachnoidales немесе Пахионов түйіршіктері, granulationes Pachioni арқылы мидың қатты қабығының веналық қойнауларына сүзілу – фильтрация жолымен өтіп отырады және ішінара ми қабықтары жалғасатын нервтер қынабы арқылы лимфа жүйесіне өтеді.

Ми-жұлын сұйықтығын түзетін құрылымның сұйықтыққа кейбір заттектерді өткізбей қалатын қасиетінің болатындығы; оның бұл қасиетін гемато-энцефалық барьер деп атайды, яғни миды зиянды әсерлерден қорғауда үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, ми-жұлын сұйықтығы мидың бірқалыпты пішінде болуын, ми мен жұлынды механикалық ісерлерден қорғайтын, ми мен қан арсындағы трофикалық және заттек алмасуды, бас ішілік қысым мен су-электролиттік гомеостаздың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ми мен жұлынның бірқалыпты жұмыс атқаруына жағдай жасайтын арнайы ішкі орта болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет