133. Асқазан: құрылысы, топографиясы, ішастарға қатынасы, қызметі, жалғамалары.
Асқазан немесе басқаша айтқанда қарын, ventriculusseugaster, өңеш пен он екі елі ішектің арасында орналасқан және қалтатәрізді кеңейген ас қорыту жүйесінің үлкен органы болып саналады. Қарында өңештен келген тамақ ары қарай асқазан сөлінін құрамындағы ферменттер, белоктар, майлар арқылы араласып, тамақ ботқасына айналады.
Асқазанның құрылысы.
Қарынның алғдыға және төбеге қарай бағытталған paries anterior; және paries posterior ажыратылады. Және де асқазанның paries anterior және paries posterior түйіскен жерінде жоғарыға және оңға қарай бағытталған curvatura ventriculi minor; төменге және солға қарай иіліп, ұзын болып келген curvatura ventriculi major ажыратылады.
Топографиялық орналасуына қарай:
өңештің асқазанға ашылатын орны pars cardiaca; pars cardiaca сол жағында дөңестеу орналасқан fundus seu fornix ventriculi; денесі, corpus ventriculi, томенге және оңға қарай бағытталып жіңішкелеу келген pars pylorica, ажыратылады. Pars pylorica: antrum pyloricum және canalis pyloricum болып бөлінеді. Pars pylorica мен он екі елі ішектің шектескен жерінде pylorus орналасқан. Рylorus қарын мен он екі елі ішектің шекарасы болып есептеледі. Қарынның пішіні, өлшемі адамның ішкен жеген тамағына байланысты өзгермелі болып келеді. Ересек адамда орташа тойып ішкен асқазанның ұзындығы 24-26 см, асқазанның үлкен иіні мен кіші иінінің аралық қашықтығы 10-12 см, алдыңғы қабырғасы мен артқы қабырғасының артқы кашыктығы 18-20 см тең.
Асқазанның топографиясы:
-Асқазанның скелетопиясы: ventriculusseugaster құрсақтың үстінде, алтыдан бес бөлігі орталық сызықтың сол жағында орналасады. Қарындағы ostium cardiacum омыртқа бағанасының сол жағында, жетінші қабырғаның шеміршектік бөлігінің артында орналаскан. Асказан күмбезі, fornix ventriculi, сол емшектік сызықта бесінші қабырғаның төменгі жиегінің тұсында орналаскан. Pars pylorica он екінші кеуде омыртқасы мен бірінші бел омыртканың аралығында орналаскан.
-Асқазанның синтопиясы: ventriculusseugaster paries anterior: бауырдың сол үлесінің төменгі безбен және сол көкетгің күмбезімен шектеседі. ventriculusseugaster paries posterior: сол бүйректің жоғарғы ұшымен және сол бүйрекүсті безбен, көкбауырмен, ұйкыбездің алдыңғы бетімен шектеседі. ventriculusseugaster үлкен иінінің төменгі бөлігі: ток ішектің көлденең жиек ішек бөлігімен шектеседі.
Асқазан қабырғаларының құрылысы.
Асқазан кабырғалары:
-Асқазанның ішкі беті tunica mucosaмен көмкерілген. Шырышты кабығының ішкі беті ақшыл кызыл түсті болып келеді. Қуысқа қараған беті біркабатты цилиндр тәрізді эпителиймен көмкерілген болып келеді.
-Асқазанның tela submucosa іркілдеген дәнекер тін, кантамырлар мен лимфа тамырларға және нерв торларына өте бай, жылжымалы қалың қабат болып саналады..
-Асқазанның tunica muscularis бойлық, дөңгелек және қиғаш орналаскан қабаттардан, кызметі жағынан еріксіз, біріңғай салалы бұлшықеттерден тұрады.
-Асқазанның сырткы беті ас қорыту кезіндегі қозғалысты жеңілдету үшін ішастармен, peritoneum viscerale барлык жағынан жабылған немесе интраперитонеалді орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |