152.Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы.
Клиникалық практикада Базель анатомиялык номенклатура бойынша көкірекаралық алдыңғы көкірекаралыққа, mediastinum anterior, және артқы көкірекаралыққа, mediastinum posterior, бөлінеді. Алдыңғы көкірекаралық пен артқы көкірекаралықтың межелік шекарасы фронталді жазықтықтың
бойында орналасқан өкпе түбірі, radix pulmonis, болып саналады.
- Алдыңғы көкірекаралықта, mediastinum anterior, жүрек және жүрекқабы, pericardium, жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі артерия мен вена қантамырлары, айырша без, thymus, орналасқан. Сонымен бірге алдыңғы көкірекаралықта, көкет нерві, п.phrenicus, көкет-жүрекқап қантамырлары
және жоғарғы көкеттік, көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.
- Артқы көкірекаралықта, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түгігі, ductus thoracicus (truncus lymphaticus), сыңар және жартылай сыңар веналар, vvazygos et hemiazygos, кезбе нерв п. vagus, он жэне сол симпатикалық сабау, trunci sympathici dexter et sinister, және артқы көкірекаралық, алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |