149.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.
Өкпенің жиектері:
- Өкпенің алдыңғы жиегі, margo anterior, ол өкпенің қабырғалық беті мен, facies costalis көкірекаралық бетінің, facies mediastinalis, аралығында орналасқан. Сол өкпенің алдыңғы жиегі, ойыса келе, жүректік тілікті, incisura cardiaca (pulmonis sinistra) кұрап, өкпенің төменгі жиегіне жалғасады. Бұл тіліктің төменгі бөлігі, сол өкпеніңтілшігімен, lingula pulmonis sinistri, шектелген.
- Өкпенің төменгі жиегі, margo inferior, өкпенің қабырғалық беті, facies costalis, мен көкірекаралык бетін, facies mediastinalis, көкеттік бетінен, facies diaphragmatica, бөледі.
- Өкпенің арткы жиегі, margo posterior, омыртка бағанасының бүйір қапталында, өкпе ұшынан X II- қабырғаның басына дейінгі аралықта, вертикаль бағытта орналасқан. Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы, hilus pulmonis, орналасқан.Өкпе қақпасы арқылы
өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары, bronchi principalis, мен өкпе артериялары, аа. pulmonales dextra et sinistra, және өкпе нервтері өтіп, өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лимфа тамырлары шығады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялық құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі, radix pulmonis, деп аталады.
Оң өкпе қакпасы, hilus pulmonis dextra, сол өкпе қақпасына қарағанда қыска және көлемді. Ол V-кеуде омыртқасы мен II-қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе кақпасында, жоғарыда оң басты бронх, bronchus principalis dextra, онын астында өкпе артериясы, a. pulmonalis, одан төменірек өкпе веналары vv. pulmonales, орналасқан .
Сол өкпе кақпасының, hilus pulmonis sinistra, жоғарғы жағында өкпе артериясы, a. pulmonalis, төменірек сол басты бронх, bronchus principalis sinistra, одан төменірек өкпе веналары, vv. pulmonales, орналаскан.
Достарыңызбен бөлісу: |