171.Аталық без қосалқысы, құрылысы және қызметі.
Аталық без қосалкысы, epididymis, аталық бездің артқы жиегінің бойымен орналасқан.
Аталық без қосалқысының бөліктері:
1.Аталық без қосалқысының басы (caput epididymidis) - жоғарғы жуанданған (дөңгеленген) бөлігі, ол аталық бездің жоғарғы ұшына жақын орналасады;
2.Аталық без қосалқысының денесі (corpus epididymidis) - қосалқының ортаңғы бөлігі, бұл бөлік аталық бездің артқы жиегіне және шамалап оның латералді бетіне жанасып орналасқан;
3.Аталық без қосалқысының құйрығы (cauda epididymidis) – аталық без қосалқысы денесінің төменгі жіңішкерген бөлігі және шәует шығаратын түтікке (ductus deferens-ке) жалғасады;
Дөңгеленген жоғарғы бөлігі - аталық без қосалкысының басын, caput epididymidis, ажыратады, ол орталық бөлік - аталық без қосалқысының денесіне, corpus epididymidis, ауысады. Аталык без қосалқысының денесі тарылатын төменгі бөлігі - аталык без қосалкысының кұйрығына, cauda epididymidis, жалғасады. Аталық без қосалкысының басында, мезонефралді өзекшенің рудиментарлы өсіндісі болып табылатын аяқшасы бар көпіршік түрінде, аталық без өсіндісі, appendix testis, кездеседі. Қосалқының басы мен құйрығы аймағында соқыр аяқталатын түтікшелер, мезонефрос өзекшелерінің қалдығы (вольфов денелері) - ауытқыған түтікшелер, ductuli aberrantes, орналасады. Қосалқы басының артына қарай дәнекер тінді балаларда айқын байқалатын жалпақ ақ түзіліс - аталық без қосалқысының өсіндісі, paradidymis, орналасады, ол да мезонефрос рудименті. Аталық безді қаптайтын сірлі қабық аталық без қосалқысына да өтеді, аталык без қосалқысының қойнауын, sinus epididymis, қаптай, латералді жағынан аталық без бен аталық без қосалқысының арасындағы тереңіне кіреді. Аталық бездің шығару- шы өзекшелерінің жолы иреленген, жұка дәнекер тінді аралықтармен бөлінген конус пішінді аталық без үлесшелерін, lobuli-coni epididymidis, түзеді. Аталык без қосалқысын- да 12-15 үлесшелер (конус) болады. Әр үлес- шенің өзекшесі көптеген иірімдер түзетін аталык без қосалқысының түтігіне, ductus epididymidis, ашылады. Жазылған күйінде аталық без қосалқысы түтігінің ұзындығы 6- 8 м-ге жетеді. Қосалқының құйрыкты бөлігінде, оның түтігі шәует шығаратын түтікке, ductus deferens, ауысады. Аталық жыныс жасушалары (сперматозо- идтар) тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі. Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзектері шәует шығаратын жолдар болып табылады. Сперматозоидтар шәуеттің құрамына кіреді. Оның сұйық бөлігі шәует қуықшасы мен қуыкасты бездің секреті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |