Анатомия – 120 ом


Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтары



бет209/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

177. Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі. Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтары.

Шат, perineum, -кіші жамбас астауынан шығаберісті толтырып тұратын жұмсақ тіндердің (тері, бұлшықеттер, шандырлар) жиынтығы.

Топ. Орналасуы :Шат аймағы алдынан қасаға симфизінің төменгі жиегімен, артынан - құйымшақұшымен, бүйірінен -қасаға және шонданай сүйектерінің тармақтарымен және шонданай төмпесімен шектеледі.

Егер, соңғы бүйір жиектерін- шонданай төмпелерін, алдынан-қасаға симфизінің төменгі нүктелерін, артынан -құйымшак үшын алатын болсак шаттың пішіні ромбтәрізді.

Шонданай төмпелерін қосатын көлденен сызық, шатты екі үшбұрышқа:

• алдыңғы жоғарғы-несепжыныс (regio urogenitalia), несепжыныс көкеті орналасад

• төменгіарткы -арткы өтіс аймақтарына (regio analis) бөледі, жамбас астау көкеті орналасады.

Екі көкет өзара негіздерімен жанасқан, ал ұштары сәйкес қасаға симфизіне және құйымшаққа бағытталған.

Шат кіші мағынада алдынан сырткы жыныс мүшелері және артынан артқы өтіс аралығындағы, шаттың сіңірлі орталығына, (centrum tendineum perinei), сәйкес аймақ. Әйелдерде бүл аймак жыныс саңылауының артқы жиегінен артқы өтістің алдыңғы жиегіне дейін, ал ерлерде ұманың артқы жиегінен арткы өтістің алдыңғы жиегіне дейінгі аралык. Шат терісінде алдан-артқа бағытталған кою жолақ-орталықжік, (raphe mediana), өтеді, ол ерлерде ұма жігіне жалғасады.

Несепжыныс және жамбас астау көкеттері екі кабат (терең, беткей) орналасқан бұлшықеттермен және шандырлармен қүралған бұшықетті-шандырлы табақ. Артқы өтіс аймағында жамбас астау көкетінің бұлшықеттері жоғарғы және төменгі шандырлардың аралығында жатады. Несепжыныс көкетінің терең бұлшықеттері несепжыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырларының аралығында жатады. Барлык бұлшықетті-шандырлы табақ кіші жамбас астау қуысы жағынан жамбас астау шандырының париеталді табағымен, сыртынан (төменнен) беткей шандырмен жабылған.

Шаттың шандырлары.

Шатта беткей шандырды жэне жамбас астау көкеті мен несеп-жыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырларын ажыратады.

Шаттың беткей шандыры, fascia superficialis, әлсіз көрсетілген, дененің көршілес бөліктерін жабатын жалпы теріасты шандырының туындысы. Бұл шандыр төменнен (сыртынан) несепжыныс көкетінің беткей топ бұлшықеттеріне жанасып, олардың меншікті шандырларымен бірігеді. Ерлерде шаттын беткей шандыры алдынан еркек жыныс мүшесінің беткей шандырына жалғасады. Шандыр бүйірінен шонданай төмпелеріне бекиді.

-Шаттын беткей шандырының астында, оньщ артқы бөлімінде жамбас астау көкетінің төменгі шандыры, fascia diaphragmatis pelvis inferior орналасады. Бүл шандыр артынан бөксенің үлкен бұлшықетінің меншікті шандырымен бірігеді де, оның жалғасы болып саналады. Кейін бұл шандыр шонданай-тік ішек шұңқырын жабады.

Шонданай-тік ішек шұңқырының ұшына жетіп, жапқыш бұлшықеттің сыртқы бетін жауып, артқы өтісті көтеретін бұлшыкеттің сыртқы бетіне өтеді. Жамбас астау көкетінің төменгі шандыры артқы өтістің сыртқы қысқышына өтіп, арткы өтісті коршайтын шелмайда аяқталады, ал алдынан несепжыныс көкетінің арткы жиегіне жетіп, оның жоғарғы және төменгі шандырларымен бірігеді.

Артқы өтісті көтеретін бұлшыкетті жоғарыдан жамбас астау көкетінің жоғарғы шандыры, fascia diaphragmatis pelvis superior, жабады. Сонымен, m. levator ani, m. coccygeus, т. sphincter ani externus, бұлшықеттері жэне оларды жабатын жамбас астау көкетінің жоғарғы жэне төменгі шандырлары бірігіп, бұлшықетті-шандырлы табақ-жамбас астау көкетін, кұрайды.

Несепжыныс көкетінің төменгі шандыры, fascia diaphragmatis urogenitalis inferior, membrana perinea шаттың терең көлденең бұлшықеті мен несеп шығаратын өзектің кысқышын төменнен жауып, беткей және терең бұлшықетердің аралығында орналасады. Бұл бұлшықеттердің үстінде несепжыныс көкетінің жоғарғы шандыры, fascia diaphragmatis urogenitalis superior, жатады. Ерлерде бүл шандырлардың аралығында буылтық-несеп бездері (куперов бездері) немесе әйелдерде кіреберістің үлкен бездері (бартолиний бездері) орналасады.

Несеп-жыныс көкетініңжоғарғы және төменгі шандырлары бүйірінен шонданай және қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарының сүйектік қабағымен бітісіп кетеді. Бұл шандырлар өзара қасаға симфизінің астында бітісіп, шаттың көлденең байламын түзеді. Байлам несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің алдынан орналасып, қасағаның доғатәрізді байламына жетпейді. Соның әсерінен екі байламның аралығында тар саңылау қалады, ол аркылы еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) дорсалді артериясы мен венасы өтеді. Жамбас астау көкетінің жоғарғы шандыры жамбас астау шандырының париеталді табағының бөлігі, fascia pelvis болып саналады. Кіші жамбас астау қуысында орналасатын ішкі мүшелердің аралығында қалқалар түзетін жамбас астау шандырының бір бөлігін, жамбас астау шандырының висцералді табағы, fascia pelvis visceralis деп атайды. Алдынан қасаға симфизі мен несепқуықтың төменгі бөлігінің аралығында жамбас астау шандырының висцералді табағы жұп байламдар: касаға-куықтык (қасаға-қуықасты байламы) байламды (ligg. pubovesicales, puboprostaticum) құрайды . Ерлерде жамбас астау шандырының висцералді табағы несепқуық пен тік ішектің аралығында фронталді орналасқан -тік ішек-қуықтық қалқасын, septum rectovesicale, әйелдерде тік ішек пен қынаптың аралығында көлденең орналаскан -тік іш ек-қынаптык қалқасын, septum rectovaginale, түзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет