31. Мұрын қуысы,қабырғаларының құрылысы,тесіктері, олардың маңызы
Мұрын қуысы — cavitas nasi, бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан құрылысы мен қызметі күрделі қуыстық. Мұрын қуысының қабырғалары, сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігін алмұрт тәрізді тесік, apertura piriform is, деп аталы нады . Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін "хоан" –choanae деп аталады. Сонымен қатар, мұрын қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралык қабырғалары ажыратылады.
1. Жоғарғы қабырғасы: мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонталді табақшасынан және сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады.
2. Төменгі қабырғасы: сүйектік таңдайдан, palatum osseum тұрды.
3. Аралық қабырғасы: кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулярлық табақш асынан тұрады.
4. Бүйір қабырғалары: жоғарғы ж ақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен және таңдай сүйектің перпендикулярлық табақш асы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында, мұрың қуысының үш өту жолы айқын байқалады.
а) Мұрынның жоғарғы жолы, m eatus nasi superior, мен ортаңғы кеуілжірдің, concha nasalis medius, аралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы, сына сүйектің қойнауы мен және тор сүйектің артқы ұяшығымен өзара жалғасады.
ә) Мұрынның ортаңғы жолы, m eatus nasi medius, ол аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжірдің аралығында орналасқан. Бұл өту жол: маңдай, жоғарғы жақ сүйегінің қойнауы мен және тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы, аралық ұяшығымен жалғасады.
б) Мұрынның төменгі өту жолы, meatus nasi inferior, төменгі кеуілжір мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұлөту жол: көзшарасы мен мұрын-көзжас өзегі — canalis nasolacrimalis, арқылы, мұрын қуысы мен; ауыз қуысы мен күректістік өзекше — canalis incisivus, арқылы жалғасады
Достарыңызбен бөлісу: |