Анатомия – 120 ом


ИЫҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ МЕН ФАСЦИЯЛАРЫ,ҚЫЗМЕТІ



бет97/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

68.ИЫҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ МЕН ФАСЦИЯЛАРЫ,ҚЫЗМЕТІ.

КӘРІЖІЛІК-НЕРВ ӨЗЕГІ,ШЕКАРАЛАРЫ,ҚҰРАМЫ.

Иық белдеуінің бұлшық еттері иықты қоршай орналасып,оны қимыл қозғалысқа келтіріп отырады. Жалпы иықтың алдыңғы топ бүгуші және артқы топ жазушы бұлшық еттері ажыратылады. Алдыңғы бүгуші бүлшық еттерге:

1. Құстұмсық бұлшықет латынша m.coracobrachialis Басталуы жауырынның құстұмсық өсіндісі. Ал бекуі иықтың кіші төмпешігінің қырқасына дейін. Бұл бұлшықет жиырылғанда иық көтеруге қатысады.

2. иық бұлшықеті латынша атауы m.brachialis.Басталуы тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып,шынтақ сүйектің буындарына бекиді.Шынтақ буынын бүгеді.

3. иықтың екі басты бұлшықеті латынша m. biceps brachii болады. Аты айтып тұрғандай бұл бұлшықеттің екі басы болады қысқа және ұзын.Қысқасы жауырынның құстұмсық өсіндісінен,ал ұзыны жауырынның буын үстілік төмпешігінен басталып,екі басы бір-бірімен қосылады да шыбық сүйектің төмпешігіне бекиді.Негізгі қызметі иық пен шынтақ буынын бүгіп,ішке қарай айналдыру

Иықтың артқы топ жазушы бұлшықетіне иықтың үш басты және шынтақ бұлшықеттері жатады.

1. m. triceps brachii,иықтың үш басты бұлшықеті – атына сәйкес үш басы болғандықтан оның латералды, медиалды және ұзын бастары ажыратылады.Бұл бұлшықет жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынын жазады.

2. m. аnconeus,шынтақ бұлшықеті- үшбұрышты бұлшықет. Ол тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus lateralis, басталып, шынтақ жіліктік өсіндінің артқы бетіне барып бекиді.Шынтақ буынын жазуға қатысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет