Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Физиология пәніне кіріспе



бет2/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Физиология пәніне кіріспе
Физиология- (грекше «рһуsis» - табиғат, «1оgos» - ілім) тірі ағза мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының қызметтерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым саласы. Физиология- ағзаның өзіндік жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Адам ағзасының даму үрдістерін жас кезеңдеріне байланысты бақылайды.
Дербес ғылым ретінде жедел дамып келе жатқан физиология, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, үлкен жетістіктерге жете бастады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.
Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып бөлінеді.
Жалпы физиология ағзаның жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.
Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық физиология болып бөлінеді.
Салыстырмалы физиология – бұл жануарлар әлеміндегі түрлердің тіршілік ету барысындағы ұқсастықтарын мен айырмашылықтарын, даму заңдылықтарын ажыратады.
Эволюциялық физиология - адам мен жануарлардың жеке даму және тарихи даму кезіндегі физиологиялық іс-әрекеттердің біліну, дамып жетілу, қалыптасу заңдылықтарын қарастырады.
Жеке физиология - кейбір тіндердің, ағзалардың қасиеттерін, бір жүйеде ұйымдастырылуын және реттелу негіздерін тексереді.
Қолданбалы физиология - адамның күнделікті тіршілік барысындағы іс әрекеті мен табиғатпен байланысы зандылықтарын анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады.

Физиология өз ерекшеліктеріне байланысты қалыпты, патологиялық және клиникалық болып бөлінеді.


Қалыпты физиология - дені сау адам ағзаның қалыпты күйдегі жағдайын, салауатты өмір тұрмыс салтын, табиғаттағы әртүрлі әсерлерге бейімделуін тексеріп, олардың жақсарту амалдарын зерттейтін ғылым саласы.Қалыпты физиологияның негізгі мақсаты- адам денсаулығын сақтау. Бұл ғылым саласын қазіргі кезде валелогия («vale» - сау болу, «1оgоs» - ілім) зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет