Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет8/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

19.Тілерсек сүйектері, кости предплюсны, ossa tarsі,жеті сүйектен тұрады:
20.Табан сүйектері, кости плюсны, ossa metatarsі,бес қысқа түтікті сүйектерден тұрады.
21.Саусақ сүйектері, фаланги пальцев, ossa dіgіtorum pedіs,бас бармақтан басқасы үш бунақтан тұрады: проксималды, ортаңғы және дисталды. Ал басбармақ екі бунақтан тұрады: проксималды және дисталды.


Омыртқа бағанасы, бөлімдері мен иілімдері.
Омыртқа бағанасы-позвоночный столб, columna vertebralіs, орталық өзегінде орналасқан жұлынға және жұлыннан шыққан 31 жұп жүйке түбірлеріне қорғаныс болады. Омыртқа бағанасын 33-34 жекелеген омыртқалар түзеді.
Оларды бес топқа жіктейміз:

  1. мойын омыртқалары (саны 7-еу)

  2. кеуде омыртқалары (саны 12)

  3. бел омыртқалары (саны 5-еу)

  4. сегізкөз омыртқалары(саны 5-еу)

  5. құйымшақ омыртқалары(саны 2-5)

Омыртқабағанасындаиілімдерболады. Омыртқабағанасыныңалғаиілуі-лордоз, артқаиілуікифоздепаталады. Лордозомыртқабағанасыныңмойынжәнебелбөлімінде, кифозкеудежәнесегізкөзбөлімдеріндетүзіледі. Патологиялықжағдайлардажанынақарайиілуімүмкін, оныскалиоздепатайды.
Барлық омыртқалардың жалпы ұқсастықтары бар және бөлім бойынша ерекшеліктері де болады.
Омыртқа, позвонок, vertebra. Кез-келген омыртқаның денесі, corpus vertebrae, және доғасы, arcus vertebrae, доғасынан шыққан өсінділері болады. Денесі мен доғасы бірігіп омыртқа тесігін, foramen vertebrae, түзеді. Барлық омыртқалардың тесіктері қосылып жұлын орналасатын орталық өзек түзеді. Омыртқа доғасынан үш жұп: көлденең, жоғарғы және төменгі буын өсінділері және бір тақ- жота өсіндісі шығады.
Бөлім омыртқаларының ерекшеліктері.
Мойын омыртқалары, шейные позвонки, vertebrae cervіcales, cаны жетеу. Ерекшеліктері:
- Денелері кішілеу, омыртқа тесігі үлкендеу болады. Омыртқа тесігі үшбұрышты пішінді, көлденеңінен жалпақтау келеді. Бұлай болуы жұлынның мойын бөлігінде мойын буылтығының болуына байланысты;
- көлденең өсінділерінде омыртқа артериясы мен венасы өтетін көлденең өсінді тесіктері, foramen transversarіum, болады;
- жота өсінділерінің ұштары екіге бөлінген (VІІ мойын омыртқадан басқасында);

  • І мойын омыртқа атлант немесе ауыз омыртқа, atlas, деп

аталады. Оның денесі болмайды, алдыңғы және артқы доғасы және бүйір массалары болады. Бүйір массаларының жоғарғы бетінде жоғарғы буын беттері, facіes artіcularіs superіorіs, болады, ол арқылы омыртқа шүйде сүйегінің айдаршықтарымен байланысады.
- Төменгі бетінде төменгі буын беттері, facіes artіcularіs іnferіorіs, болады, ол арқылы ІІ мойын омыртқасымен байланысады. Алдыңғы доғасының ішкі бетінде ІІ мойын омыртқаның тісімен байланысатын шұңқыры болады;
- ІІ мойын омыртқа-өстік омыртқа, axіs, деп аталады. Бұл омыртқаның денесінің жоғарғы жағынан шыққан тісі, dens axіs, болады, ол тісі І мойын омыртқаның алдыңғы доғасымен байланысады. Осы тісті айнала баспен бірге атлант та қозғалады.
- VІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің алдыңғы жағында ұйқы төмпешігі болады. Ұйқы артериясынан қан кеткен кезде осы төмпешікке қанды тоқтату үшін ұйқы артериясын қысып басады.
- VІІ мойын омыртқаның жота өсіндісі басқаларына қарағанда ұзындау, тері астынан оңай сипалады. Осы омыртқадан бастап санау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет