Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Ақуыз алмасуы қызметтері, түрлері,тәуліктік қажеттілігі



бет48/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Ақуыз алмасуы қызметтері, түрлері,тәуліктік қажеттілігі.
Ақуыз - денеге қажет аса маңызды қоректік зат негізін құратын құрылыс материалы.
Адам ағзасында кездесетін ақуыздардың түрлері:
1) ферменттер ақуыздан тұрады,
2) қанда гемоглобинде- глобин ақуызы бар.
3) бұлшықет құрамында миозин ақуыздары бар.
4/ адам денесін індеттен қорғайтын, иммунитет негізін құрайтын антиденелер де ақуыздан тұрады.
5/ қан ұюына қатысатын фибриноген де - ақуыз.
Ақуыз - қуат қоры. 1 г ақуыз тотықса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Ақуыз құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Адамның күнделікті тамағында ақуыздың мөлшері 100-120 грамм болу тиіс. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамындағы ақуыз құнарлы болады. Аспен бірге асқазанға келіп түскен ақуыздар протеаза ферменттерінің
әсерімен ыдырайды. Аминқышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бауыр жасушаларында аминқышқылдарынан қан ақуыздары (глобулин, альбумин, фибриноген) және өз жасушаларына қажет ақуыздар түзіледі. Мұнымен қатар аздап ақуыз қоры сақталуы мүмкін. Аминқышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді.


Көмірсу алмасу түрлері, тәуліктік қажеттілігі, қызметтері.
Адам денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 кДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады.
Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек-қарында көмірсу (полисахаридтер) сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйқы безі мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерімен ыдырап, моносахаридтерге айналады. Ішектің бастапқы бөлігінде олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпителиінің апикальды жағынан ішіне қарай Na+ ионының қатысуымен жасуша энергиясын пайдалана отырып, ал эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Ас қорыту барысында осы вена арқылы бауырға 150-200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда бауырдан шығып жалпы қан айналысына іліккен глюкоза мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық (астан болған) гипергликемия тууы мүмкін. Әдетте қанның әрбір литріне 3,5-5,8 ммоль глюкозадан келеді. Ол көбейіп 8-10 ммоль-ге жетсе, несепте қант пайда болады (глюкозурия).Қанда қант деңгейі 2,8-2,2 ммоль/л-ге дейін азайса, гипогликемиялық комабасталады, адам есінен айырылып, сандырақтайды, өзінен-өзі құрысып, тырысады.
Әдетте қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, глюкагон арқылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант тұрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес, дене еттерінде де қор (1-2) болып гликоген күйінде сақталады. Жасушалардың көбі қандағы глюкозаны жұтып құрылыс (пластикалық) материалы және қуат көзі ретінде пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет