Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Көмір қышқыл газының тасымалдануы



бет61/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

2. Көмір қышқыл газының тасымалдануы. Тіндердегі оттегін босатқан гемоглобин өзіне көмір қышқыл газын қосып алып, карбогемоглобинге айналады да, веналық қанның құрамында өкпеге тасымал­данады. Карбогемоглобин — тұрақсыз қосылыс, қанды күрең қызыл түске бояйды. Өкпедегі газ алмасу кезінде гемоглобин көмір қышқыл газын альвеолаға беріп, альвеоладағы оттегін өзіне қосып алып, қайтадан оксигемоглобинге айналады.
3. Ішкі тыныс алу бұлкапилляр тін арасындағы газ алмасуды айтады. Бұл процесс үлкен қан айналым шеңбері бойынша өтеді. Үлкен қан айналым шеңбері сол қарыншадан қолқадан шығып, артерия қан тамырларына барады. Артерия қан тамырлары артериолалар арқылы капиллярларға шашырап, тінге өтеді. Осы жерде капиллярдағы қан құрамындағы оттегі, сонымен бірге қажетті заттар ақуыз, көмірсу, майлар тінге өтіп, зат алмасу процесі жүзеге асырылады. Тіннен шыққан көмірқышқыл газы вена қан тамырлары арқылы жүректің оң жүрекшесіне келіп кұйылады.


Атмосфералық ауаның құрамы. Тыныстың минуттық көлемі
Жалпы атмосфералық ауаның құрамы мынадай: 20,94% -оттегі, 0,03%- көмірқышқыл газы, 79,03%- азот.
Адамныңдем алғанда атмосфералық ауаның құрамы соған сәйкес болады: 20,94% -оттегі, 0,03%- көмірқышқыл газы, 79,03- азот. Дем шығару ауаның көлемінде 16,3%- оттегі, 4%- көмірқышқыл газы, 79,7%- азот болады.
Дем шығару ауаның құрамы тұрақсыз болып, ол зат алмасудың жиілігіне, дем алудың тереңдігі мен жиілігіне байланысты. Бірден тыныс алуды тоқтатсақ, дем шығару құрамы өзгеріп шығады.
Альвеоладағы ауаның құрамы атмосфералық ауаның құрамы арасында айырмашылық болады. Өкпеде альвеола мен қан арасында газ алмасу өтіп, оттегі қанға барады, көмірқышқыл газы альвеолаға. Нәтижесінде альвеоладағы ауада оттегінің мөлшері азайып, көмірқышқыл газы жоғарылайды. Альвеоладағы ауа газдары проценттік көрсеткіштерге тең: 14,5%- оттегі, 5,5%- көмірқышқыл газы, 80%- азот.
Тыныстың минуттық көлемі.
Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемін тыныстың минуттық көлемі (ТМК) деп атайды. ТМК әдетте орта есеппен 6-9 литр болса, ал ауыр қара жұмыс істеген адамда 100-120 литрге жетеді. ТМК қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшасынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін бір минуттық тыныс алу жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет