Жүрек-қан тамыр жүйесі. Қан тамырларының түрлері. Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асыру. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді.
Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп ағзаның тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді.
Тамырлар жүйесі ішінде ағатын сұйықтығына байланысты қан және лимфа жүйесінен тұрады.
Қан организмде қан тамырлар бойымен қозғалады. Жүрек қан тамыр жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Қан айналым жүйесінің орталық мүшесі-жүрек ырғақты жиырылуы арқылы қанды қан тамырларына айдайды.
Қан тамырларының үш түрі бар:
Артериялар