Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тромбоциттер,қалыпты мөлшері, қызметі



бет97/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Тромбоциттер,қалыпты мөлшері, қызметі.
Тромбоциттер немесе қан табақшалары түссіз, ядросы жоқ, пішіні сфералық денешіктер. Өмір сүру ұзақтығы 4 күн. Тромбоциттер қызыл сүйек миында пайда болады. Қандағы тромбоциттер саны 100 300,0х1мың /л Олардың көп бөлігі талақта, бауырда, өкпеде, яғни қор мүшелерінде болып, қажет жағдайда қанға түседі. Тамақ ішу, бұлшық еттік жұмыс қандағы тромбоциттер деңгейін көтереді яғни тромбоцитоз байқалады. Тромбоциттердің бөгде заттардың бетіне жабысу немесе өзаражелімделу ерекшеліктері бар.Тромбоциттің ең басты қызыметі қан ұюту немесе гемокоагуляция ,қан 3-5 минутта ұйды, 5-6 минутта қою ұйындыға айналады.
Тромбоциттердің қасиеттері
Тромбоциттердің физиологиялық қасиеттеріне адгезия, агрегация, агглютинация жатады.

  • Адгезия бұл тромбоциттердің бөгде затқа жабысуы.

  • Агрегация бұл тромбоциттердің бір бірімен жабысып, үйінді құруы.

  • Агглютинация бұл тромбоциттердің желімдеуі.

Тромбоциттердің қызметі.
1.Ангиотрофикалық-бұл қан тамырларды қөректендіру қызметі.Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды.Оны тромбоциттер қаннан сорып алып оны эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады .Сондықтан тромбоцит эндотелидің *асырап сақтаушысы* деп бекер айтпаған
2.Адгезивті аггрегациялық- 15-20шақты тромбоциттер бір-бірімен жабысып, ұйынды құрап ағзадан қан кетуді тоқтатады
3. Ангиотензивті- қан тамырларын тарылтыру.Тромбоциттер озінен серотонин бөліп отырады,серотонин қан тамырларын тарылтады.
4.Гемокоагуляция- қан ұйыту
5. Креаторлық байланыс- қан тамырлардың табиғи құрылысын сақтау


Қан ұю кезеңдері.
Қан ұю- қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қасиеттерінің бірі. Осы қасиеттің арқасында қанның сыртқа шығуы (қан кету) тоқтайды.Мұны гемостаз(грек. Haemo- қан, stasis- тоқтау), яғни қан тоқтау дейді.Бұл тұралы ілімнің негізін қалаған Александр Шмид болып келеді. Бұл өте жиі әрі кең мағынада қолданылатын сөз. Қан ұю бұл күрделі үрдіс болып табылады және 3 кезеңнен тұрады.
1.кезең- жарақаттанған жерде қан тамырға тромбоциттер бір- бірімен жабысып үйінді құрайды. Тромбоциттердің көп бөлігі бұзылады да,(Са) кальций иондарымен плазма ақуыздарының қатысуымен тромбопластин түзіледі.
2. кезең- тромбопластин мен протромбиннің қатысуымен тромбин түзіледі. Протромбин плазма ақуызы болып табылады. Ол бауырда түзіледі. Оның түзілуіне К витамині қажет.
3. кезең-тромбин мен плазма ақуызы фибриногеннің қатысуымен фибрин түзіледі. Сонымен фибриннің қатысуымен тромб түзіледі, қан кету тоқтайды. Қан тамырда қан ұйымаса гемофилия ауруы туындайды. Кішкене жарақат арқасында адам өміріне қауіп төнеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет